Усть-Каменогорск
облачно
+11°
  • Усть-Каменогорск
    +11°
  • Алматы
    +15°
  • Нур-Султан (Астана)
    +8°
  • Актобе
    +8°
  • Форт-Шевченко
    +18°
  • Атырау
    +15°
  • Караганда
    +7°
  • Кокшетау
    +9°
  • Костанай
    +8°
  • Кызылорда
    +16°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +15°
  • Уральск
    +11°
  • Шымкент
    +13°
$
439.4
473.54
¥
60.82
4.76
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Абайдың шөбересінің құрметіне естелік тақтатас ілінді

Ұлы Абайдың шөбересі, Зайсан ауданының құрметті азаматы, ұлағатты ұстаз Күлзифа Исрайылқызы тұрған үйдің қабырғасына тақтатас ілінді

Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай дүбірлі той болмады, тек ел болып онлайн шаралар өткізуден басқа шара жоқ. Өйткені әлемді жайлаған індеттен тіршілік қамы тоқырап, тоқтап қалды. Десе де Зайсан ауданында үлкен іс атқарылған. Зайсан ауданының құрметті азаматы Күлзифа Исрайылқызының құрметіне естелік тақтатас ілінді.
- Хәкім Абайдың шөбересі, ұлағатты ұстаз, Зайсан ауданының құрметті азаматы Күлзифа Исрайылқызы біздің ауданның әлеуметтік және экономикалық дамуына үлкен үлес қосты, - деп жазды өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында зайсандық Еркебұлан Зағыпаров. - Бүгінгі таңда Ұлы Абайдың ұрпағының сүйегі киелі Зайсан топырағында жатуы білген жанға, өскелең ұрпаққа рух беріп, асылдың сынығының ізгілігі мақтаныш тудыратыны анық. Сол себепті ақынның туған күнінде оның рухына және Күлзифа апамыздың құрметіне оның тұрған үйінің қабырғасына естелік тақтатас ілінді.

Следующая →