Көкпекті мен Тарбағатай аудандарында биыл көмір құны қанша болады?
Тарбағатай ауданындағы бюджеттік, мәдени-әлеуметтік сала нысандарының көбі қатты отынмен жылытылады
Тарбағатай ауданында бюджеттік, мәдени-әлеуметтік сала нысандарының саны - 125, оның ішінде 80 нысанның жылу қазандығы қатты отынмен жылытылады. Ал аудандағы барлығы 49 мектепке 7923 тонна көмір қажет.
Ал Көкпекті ауданында орталықтандырылған жылу қазандықтары мен коммуналдық қазандықтары жоқ. Халық жеке жылумен жабдықтау көздерін пайдаланады. Жылу беру маусымына 33000 тонна көмір қажет.
Білім беру объектілері бойынша алдағы жылу беру маусымына 41 нысан дайындау қажет, соның ішінде 18 мектеп пен 2 балабақша қатты отынмен, 2 нысан дизель отынымен және 18 мектеп пен 1 балабақша электр қуатымен жылытылады. Көмірге қажеттілік 5743 тоннаны, дизель отынына 51000 литрді құрайды. Көмір жеткізу кестесі жасалып, кестеге сәйкес шілде-тамыз айларында 100 пайыз жеткізу жоспарланған. "Виничук В.В." ЖК қазіргі уақытта 3460 тонна көмір тасымалдады, бұл көмірдің жалпы санының 60,2 пайызын құрайды.
Следующая →
- Мәдениет саласы бойынша 186 тонна қатты отын қажет, оның ішінде 13 мәдениет үйі, 7 клуб нысандары бар. Тасымалдаушы - "Али Нұрлы жол" ЖШС. Тамыздан бастап, қазан айына дейін тасып бітіруі тиіс, - деді Тарбағатай ауданы әкімінің орынбасары Ахмет Аққазин.17 ауылдық округтен тұратын аудан тұрғындарына қажетті 49409 тонна көмірді жеке кәсіпкерлер "Қаражыра", Зайсан "Кендірлік" кен орындарынан, сондай-ақ Аягөз қаласының теміржол тұйығынан тасымалдайды. Қазіргі таңда жұртқа 30000 тонна көмір түсірілген.
Ал Көкпекті ауданында орталықтандырылған жылу қазандықтары мен коммуналдық қазандықтары жоқ. Халық жеке жылумен жабдықтау көздерін пайдаланады. Жылу беру маусымына 33000 тонна көмір қажет.
- Биыл халыққа 1 тонна көмірдің бағасы 16500-17000 теңгеден сатылады, - деді Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары Жаслан Майкенев. - Қазіргі уақытта 22440 тонна көмір әкелінді, бұл жалпы бір маусымға қажет көмірдің 68 пайызын құрайды.