Усть-Каменогорск
пасмурно
-4°
  • Усть-Каменогорск
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Нур-Султан (Астана)
    -7°
  • Актобе
    -3°
  • Форт-Шевченко
    +10°
  • Атырау
    +5°
  • Караганда
    -8°
  • Кокшетау
    -5°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Уральск
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Көкпекті көшелеріне үнемдеу үшін жарықдиодты шамдар қойылмақ

Биыл Көкпекті ауданына қарасты бірнеше елді мекенде көше шамдары орнатылды

Бұған дейін ауданға қарасты Көкжыра ауылының тұрғындары хабарласып, ауылдағы кей көшелерде жарықтың жоқтығынан түнде жүру қиынға соғатынын айтқан еді. 
- Ауылда кей көшелерде көше шамдары әлі орнатылмады. Шамдар тек бірнеше көшеде ғана бар. Жаңбырлы күндері түнде көшеде жүру қиынға соғады. Жарық бағандары орнатылған көшелерде де дұрыс жанбай жатады, - дейді Көкжыра ауылының тұрғыны.
Қуантарлығы сол аудан әкімдігі тұрғындарға мәселе осы жылы шешім табатындығын айтты. Тек Көкжыра ауылына ғана емес, тағы басқа бірнеше ауылға жарық орнатылатын болды. 
- Биыл Көкпекті ауданына қарасты елді мекендердегі көшелерді жарықтандыруға 86537,9 мың теңге қаржы бөлінді. Самар ауылының айналма жолының бойына 175 бағана орнатуға бюджеттен 35667,6 мың теңге қаржы бөлінсе, Көкпекті ауылының Байтұрсынов, Жұмабаев көшелеріне шам тартуға 4277,6 мың теңге қаржы бөлінді. Құлынжон ауылының Көкжалбарақ, Жұбандық, Құдайбердинов, Әубәкіров, Құлынжон көшелеріне және Көкжыра ауылының Абай мен Әуезов көшелеріне жарық орнатуға 22500,0 мың теңге қаржы бөлінді, - дейді аудан әкімінің орынбасары Жаслан Майкенов.
Оның айтуынша, алдағы уақытта энергия шамдарын тоқ үнемдейтін жарықдиодты шамдарға ауыстыру жос-парлануда. 
- Алдағы жоспарлардың бірі - энергия шамдарын тоқ үнемдейтін жарықдиодты шамдарға ауыстыру. Осылайша көшені жарықтандыруға бөлінетін қаржыны 50 пайызға дейін үнемдеуге болады. Сонымен қатар, ауылдық елді мекендердің көшелерін жарықтандырудың үлесін көбейту жоспарлануда, - дейді Жаслан Талғатұлы.
Елді мекендерді жарықтандыру бойынша Абай ауданында атқарылған жұмыстар легіде аз емес. Бүгінде аталған ауданға қарасты бірнеше ауылда көше шамдары орнатылды. 
- "Жұмыспен қамту жол картасы - 2020" бағдарламасы бойынша 15986,4 мың теңге қаржыға Қарауыл ауылындағы Әйгерім, Зере, Сүндетбай, Құтжанов, Бекбосынов, Тоқтамыс көшелері жарықтандырылды. Сондай-ақ, облыстық бюджеттен 7950,0 мың теңге бөлініп, жұмыстар толық аяқталды. "Өңірлерді дамыту" бағдарламасы арқылы 9 аудандық округке 11 620,7 мың теңге қарастырылды. Оның ішінде Қарауылдың екі көшесіне 3 135,0 мың теңге Қасқабұлақ ауылына 1 160,0 мың теңге, Архат ауылына 1 026,0 мың теңге, Саржал ауылына 1 862,0 мың теңге, Құндызды ауылына 1000,0 мың теңге, Тоқтамыс ауылына 707,7 мың теңге, Кеңгірбай ауылына 938,0 мың теңге және Көкбай ауылдық округіне 1792,0 мың теңге, қосымша Тоқтамыс ауылына 2000,0 мың теңге қаржы бөлінді, - дейді Абай ауданы әкімінің орынбасары Мейіржан Смағұлов.

Следующая →