Усть-Каменогорск
пасмурно
-10°
  • Усть-Каменогорск
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Нур-Султан (Астана)
    -6°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +10°
  • Атырау
    +3°
  • Караганда
    -8°
  • Кокшетау
    -6°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Уральск
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

ШҚО-да есірткі тасымалдағандар ұсталды

«Қарасора» жедел алдын алу шарасы аясында ШҚО ПД Есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері арнайы операция жүргізіп, нәтижесінде құны 15 миллион теңгеден артық «гашиш» есірткі құралын тәркіледі

Тергеу барысында ағайынды екі жігіт серіктесімен бірге заңсыз кәсіппен шұғылданып, еліміздің оңтүстік өңірінен Шығыс Қазақстан облысына есірткі жеткізумен айналысқаны анықталды. Заңсыз есірткі сатумен айналысқандардың әрекеті тәртіп сақшыларының сәтті ұйымдастырған жедел тексеру шараларының барысында әшкереленді. Бұл туралы ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті. 

Есірткі өнімдерін Алматы қаласынан Өскеменге жеткізу үшін қаскүнемдер логистикалық компаниялардың қызметін пайдаланған. Есірткі заттарын алғаннан кейін ШҚО орталығының аумағында сату каналдарын ұйымдастырған.

ШҚО ПД ЕҚҚІҚБ қызметкерлері Ұлттық ұланның 5518 әскери бөлімінің «Беркут» арнайы жасағы және ШҚО ПД Кинологиялық қызметі бөліністерімен бірге шұғыл және сәтті ұйымдастырылған шаралардың барасында есірткі сатушылар ұсталды.

Жедел тергеу іс-шараларының барысында тәртіп сақшылары 157 полимер қаптамаға бөлшектеп оралған «гашиш» есірткі затын тәркіледі.

- Есірткі заттарын жеткізу және сату каналын ұйымдастыруға қатысты барлық үш тұлға ұсталды және қамауға алынды. Олардан 7,5 килограмнан артық «гашиш» есірткі заттары тәркіленді, олар құны 15 миллион тенгелік 1,5 мың бір реттік доза дайындап, сатуды жоспарлаған, - дейді ШҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Талғат Шаяхметов.

Оның айтуынша, тергеу амалдары жалғасуда. Ұсталған 1977, 1979 және 1980 жылы туған азаматтар он бес жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға тартылуы мүмкін. 
Следующая →