Усть-Каменогорск
ясно
+9°
  • Усть-Каменогорск
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Нур-Султан (Астана)
    +13°
  • Актобе
    +19°
  • Форт-Шевченко
    +22°
  • Атырау
    +21°
  • Караганда
    +9°
  • Кокшетау
    +14°
  • Костанай
    +16°
  • Кызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Уральск
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

ШҚО-да биыл шөп аз, шаруалар мал сатуға мәжбүр

Биыл шөптің бағасы да шарықтап кеткен

Биылғы жаз қуаң. Шілденің ортасынан бастап шабындыққа шалғының өткір жүзі түсті. Күркіреген қара күздің ауылы алыс емес, сондықтан мал сүмесіне қараған шаруа атаулы әл-ауқатынша жылдам қамдануда. Алайда шөп шығымына көңіл толмайды.

Баяғы қазақ тебіндеп жайылатын қой мен жылқы ұстағаннан кейін бе, "шөп шауып әуреге түспейтінбіз" деп отыратын ауыл ақсақалдары. "Түйеге бейіл берген оңтүстік қазақтарының ауа райы жылы, шөп шапты ма, жоқ па, білмейміз. Өзіміз қысқа шөп шапқанды ең алғаш біздің жаққа көшіп келген орыстардан және Бәсентиін қазақтарынан көріп едік" дейтін. Ал біз ес білгенімізден бастап күзге қарай басталатын шөп шабыс науқанын көріп өстік.

 Аудандарда шөптің бағасы қанша?


Ұлан ауданы тұрғындарының айтуынша, биылғы шөп былтырғыға қарағанда әлдеқайда сұйық. Қуаңшылықтың кесірі деп кесіп айтады. Селдіреген ақтық та, ұйыса өскен көктік те жұрт аузында. Шамасы жеткен шауып алып, шамасы жетпеген сатып алып жатыр. Бір тіркеме бағасы шамамен 35 мың теңге. 
- Көктемде жауын-шашын аз болды, зардабын енді тартып отырмыз, - деді Шымқора ауылының тұрғыны Сенбі есімді азамат. - Жылда шабатын Жаманауылдан малыма жетер он тіркеме шөп қамдап алатын едім. Биыл жартысы ғана шықты. Ақтық мүлде жоқ. Біраз малымды сатып, шөп аламын ба деп отырмын. Басқа амал жоқ.
Ұлан ауданында ғана емес, Үржар ауданында да осындай жағдай. Жауын-шашынның аздығы із-түссіз кетпепті.
- Шөп шығымы мәз боларлық емес. Жылдағыдан аз. Шабындық жерлердің көбінде шөп шықпай қалған, - деді Үржар аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің маманы Санат Берікболұлы. - Халыққа қажетті 221 мың тоннаның 176,5 мың тоннасын жинадық әзірге. Қазан айына дейін жалғасатын шөп шабыс науқанының аяғына таман жинап үлгеретін шығармыз. Шөптің бір рулонының бағасы - 7-8 мың теңге. Жылдағыдан қымбат.
Санап көрсек, бір рулонның салмағы - 300-350 кг, сонда 3-3,5 тонна 70000 теңге көлемінде шығады екен. Шаруа адамдарын алаңдатарлық-ақ баға.
- Біздің ауданда шөптің шығымы жылдағыдай, - деді Зайсан ауданы ауыл шаруашылық бөлімінің техникалық инспекторы Серік Қасаинов. - Сұйықтау. Қазіргі уақытта халыққа қажет 155 мың тонна шөптің 99 мың тоннасын үйіп қойдық. Бір тіркеме бағасы әр жерде әрқалай, бірақ орта есеппен алғанда 40 мың теңге. 
- Біздің ауылдың шабындық жері сұйық болған соң, біз шөпті көбіне Шіліктіден, болмаса Көкпекті ауданынан тасимыз, - деді Дайыр ауылының тұрғыны Әли. - Шөпті тиеп алып қайту үшін кемінде 2 адамды жалдайсың. Трактормен көтеріп әперетін адамды тауып алып келісу өз алдына. ГАЗ-53-ке 20-30 литр бензин, Т-80-ге соншама солярка құясың. Сонда бір тіркемеге 60-70 мыңның кетіп қалғанын білмей қаласың. Амалың қайсы, малыңа шөп, өзіңе ет керек.
Жалпы, шөптің аздығы малдың да азаюына әкеліп соғады. Ауыл шаруашылығы басқармасының мамандары мұның алдын алу үшін малды ет өңдеу кәсіпорындарына тапсыруға кеңес береді. Бірақ ет өңдеу кәсіпорындары малды арзан бағаға алғысы келеді, ал шаруа болса, бағып-қаққан малын қымбатқа өткізуді ойлайды. 
- Қара суыққа дейін 5 торпағымды және он шақты қойларымды өткізейін деп отырмын, - деді Көкпекті ауданының тұрғыны Есімхан. - Бірақ мал алатындардың саны аз. Оның өзінде келіп ап, өзіңе шарт қояды. Арзанға алғысы келеді. Жағдайдың мүшкіл екенін білгеннен соң осылай істейді, қайтерсің. Әркімге жаутаң қаққанша, сатып тыныш тапқаным әлдеқайда жақсы. Тіпті болмаса, етке өткізіп жіберемін. 
Тиісті мекеме өкілдері мұның себебін карантиндік шектеу шараларымен байланыстырады.
- Карантинге байланысты мал ешқайда өтпей тұр. Құрбан айтта да қалаға ет кіргізбей, барғандарды кері қайтарып жіберді. Арнайы алушылар болмаса да, жұрт өз ішінде ет сатып жатыр. Өйткені биылғы қуаңшылыққа байланысты шөп шығымы нашар. Аудандағы халыққа қажет деген 170 мың тонна шөпті енді-енді жауа бастаған жауын төпелей құймаса, жинап алуға тырысамыз, - деді Көкпекті аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Серікбек Қонысбаев. 
Жарма ауданында жауын-шашын көктемде аз болғанымен, жазда жақсы жауып, шөптің қатары селдіремеген сыңайлы. Өздеріне жететін көрінеді.
- Әлбетте, былтырғыға қарағанда аздау, бірақ қалыпты, - дейді аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің маманы Серікхан Сәрсенбайұлы. - Шабындық жерлерді көбейтіп, шауып жатырмыз. Біздің ауданнан көршілес аудандар, мәселен, Ұлан ауданы, тіпті Өскеменнен арнайы келіп шөп сатып алып кетіп жатыр. Бір рулоны - 3-4 мың теңге тұрады.
Жалпы бағаны сатушы мен тұтынушы өздері реттейтіні, бағаның тым жоғары болмауын мемлекеттік органдар бақылап отыратындары белгілі. 

Облыста қанша шабындық алқаптары бар? 


Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметтеріне сүйенсек, бүгінгі таңда аймағымызда барлығы 1063,2 мың гектар шабындық алқаптары бар екен. Бұл өңірдегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің 3,3%-ын құрайды. Оның 50,3%-ы, яғни, 477,9 гектары бос жатқан шабындық алқаптары. 

Шабындық алқаптары қолданыста жүрген аудандар бойынша алғашқы бестікті Жарма (54,1 мың га), Көкпекті (52,2 мың га), Тарбағатай (46,4мың га), Аягөз (42,7 мың га) және Катонқарағай (38 мың га) аудандары құрайды. Ал шабындығы әлі де пайдаланылмай жатқан аудандардың қатарында Аягөз (109,9 мың га), Жарма (69,5 мың га), Үржар (50,7 мың га) және Күршім (47,3 мың га) аудандары тұр. Келешекте аталмыш аудандар мал азығын молынан дайындайтын шамасы бар. Әрине, мал басын көбейтемін деген шаруалар болса. 

Дегенмен, шабындыққа жұтаң аудандар да бар. Бүгінде қолданыстағы шабындығы аз аумақтар қатарына қалаларды қоспағанда, Бесқарағай 
(6,8 мың га), Бородулиха (7,9 мың га), Абай (9,9 мың га) жатады. Алайда аталмыш аудандардың бір ерекшелігі - бос жатқан шабындық алқаптардың жетіп артылатындығы. Мәселен, Бесқарағайда бос жатқан шабындық көлемі 21 мың гектарды құраса, Абайда 30 мың гектарға жетіп жығылады. 

Жем мен шөптің сапасы - қосалқы жүк


Алты айлық қазымыр қысқа мал азығы мен отын дайындау - қашанда күрделі, маңызды мәселе. Мал азығы - жем мен шөптің сапасы - шаруаға қосалқы жүк. Сүрлем мен пішен дайындау технологиясының заманауи мүмкіндіктерін толық игере алмай отыр. Қысқы шыңылтыр аяз бен қапалақтай жауған қалың қардың жақындап қалғаны шаруа көңіліне әманда алаң мен күдік әкелері сөзсіз.
Следующая →