Усть-Каменогорск
малооблачно
+8°
  • Усть-Каменогорск
    +8°
  • Алматы
    +17°
  • Нур-Султан (Астана)
    +10°
  • Актобе
    +11°
  • Форт-Шевченко
    +15°
  • Атырау
    +11°
  • Караганда
    +9°
  • Кокшетау
    +6°
  • Костанай
    +8°
  • Кызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +6°
  • Тараз
    +16°
  • Уральск
    +10°
  • Шымкент
    +17°
$
441.58
+0.17
480
+2.22
¥
61.19
+0.07
4.86
+0.02
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Усть-Каменогорск и ВКО Усть-Каменогорск и ВКО Таунар Қайрат
Источник:
аудан әкімдігінің әлеуметтік желідегі парақшасынан
Этот материал доступен на казахском языке

Тұғылға су тартып жатқан мердігер сөзінде тұрмады

Аудан әкімі әр сенбіде келіп мердігердің жұмысын қадағалап тұруға мәжбүр

Тарбағатай ауданы Тұғыл ауылында мердігердің сапасыз жұмысының салдарынан тұрғындар ауыз суға жарымай отыр.

Мәселені аудан әкімі мен Шығыс Қазақстан облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Дәулет Батырбаев келіп көріп, мердігерге олқылықтардың орнын толтыру үшін 15 тамызға дейін уақыт берген. Десе де, тұрғындардың мәселесі әлі шешім таппады. 

Мердігерлер нысан пайдалануға берілгенде мұндай мәселелер туындамағанын айтып ақталады.
- Дәл қазір бізге проблема болып тұрған осы резервуар. 13 шілдеден бастап қазіргі таңға дейін мәселе болып тұр. Ол проблеманы "Nur Otan" партиясы тарапынан комиссия келіп тексерді. Сол жерде де уәде бердік, бір апта деп. Біздің есебіміз бойынша бір апта ішінде жасауымыз керек. Қалай болғанда да, біздің кепілдік уақытымыз бар, 2021 жылға дейін. Ол жерде ешқандай әңгіме жоқ, келісімшарт негізінде, - деген еді мердігер компания директоры Қанат Халелов бір апта бұрын.
"Бір апта ішінде жасауымыз керек" деген мердігердің уәдесі жалған болып шықты. Енді әкімдік пен тұрғындарға мердігер компанияның ырқына көнбеске шаралары қалмады. Себебі бір аптада бітеді деген жұмыстан әлі еш нәтиже 
жоқ. 
- Сапасыз жұмыстың салдарынан істен шыққан су жинақтау қоймасының басына тағы жиналдық. Алайда мердігер компания директоры Қанат Халелов келісімшарттағы кепілдікке сәйкес, кем-кетікті орнына келтірмеді. Ауыл тұрғындары - Ержан Икласов, Нәзипа Кешубаева, Гүлжан Зиятова, Жадыра Жүнісовалар да мердігер компания директорының "бір аптада жұмысты бітіреміз" деген уәдесінің желге ұшқанына реніш білдірді. Біз де халықтық мүдде тұрғысынан су жинақтау қондырғысының толыққанды қалпына келтіріліп, 5 мыңға тарта тұрғынның таза суды тиісті дәрежеде тұтынатын жағдайға жеткенінше жұмыс жасаймыз. Осыған байланысты арнайы комиссия құрдық. Оның ішінде жоғарыда аталған ауыл тұрғындары да бар. Осы комиссиямен бүгін жоспар жасалды. Яғни, мердігер компания әр аптада не істейтінін нақты белгілеп, қандай нәтиже шыққаны жөнінде ауыл әкімі халықты ақпараттандырып отыратын болады. Ал әр сенбіде өзім барып, көзбен көріп бақылап отырамын, - деп жазды аудан әкімі Серікқазы Сәдуақасов.


Следующая →