Усть-Каменогорск
пасмурно
-10°
  • Усть-Каменогорск
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Нур-Султан (Астана)
    -6°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +10°
  • Атырау
    +3°
  • Караганда
    -8°
  • Кокшетау
    -6°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Уральск
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

«Таза Қазақстан» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді

ШҚО-да «Таза Қазақстан» жедел алдын алу іс-шарасы аясында өткізіліп, Тарбағатай АПБ жергілікті полиция қызыметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторлары мен табиғатты қорғау полиция тобының инспекторлары, «Нұр Отан» ХДП, қоғамдық құрылымдар волонтерлермен бірігіп, Зайсан көлі, Сабынды көл, Қарғыба, Қанды су, Көкжыра, Боғас өзендерінің бойларының тазалығын тексерілді

Сонымен қатар, әрбір ауылдық округтерден ауыл әкімшілігінен адмдар бөлініп, «Жас қанат» жастар отрядымен волонтерлер бірігіп, тазалық жұмыстарын жүргізді. 352-ден астам буклеттер таратылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

- Арнайы рейд барысында өзендерге автокөлік, кілем төсеніштер жуғандары үшін 3 азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК - нің 505-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар, елді мекендердің ішіндегі парктерге де тазалық жұмыстары жүргізіліп, заң бұзғандарға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды, - деп жазды ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің сөзіне сүйенсек, жалпы іс-шара басталғаннан бері 32 хаттама толтырылыпты. Атап айтқанда, ҚР ҚР ӘҚБтК - нің 505-бабымен, яғни, қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ, қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл желектерді жою және бүлдіру бойынша 12 адамға хаттама толтырылыпты. Сонымен қоса, басқа да әкімшілік құқық бұзғандары үшін 20 адамға әкімшілік хаттамалар толтырылған.
Следующая →