Усть-Каменогорск
малооблачно
+23°
  • Усть-Каменогорск
    +23°
  • Алматы
    +24°
  • Нур-Султан (Астана)
    +17°
  • Актобе
    +20°
  • Форт-Шевченко
    +24°
  • Атырау
    +24°
  • Караганда
    +18°
  • Кокшетау
    +20°
  • Костанай
    +24°
  • Кызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +22°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +26°
  • Уральск
    +22°
  • Шымкент
    +26°
$
518.34
-0.16
607.18
+5.56
¥
72.29
+0.01
6.62
+0.01
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Түзету мекемесінде шығармашылық байқау өтті

Семей қаласындағы ОВ-156/16 мекемесіндегі жазасын өтеушілер арасында шығармашылық конкурс ұйымдастырылды

Бұндай байқаулар мекеме ішіндегі жазасын өтеушілердің өз-өзіне қол жұмсауы сынды әрекеттердің алдын алу, құқықбұзушылықты болдырмау мақсатында жыл сайын өткізіліп отыратындығын айтады Семей қаласы ОВ-156/16 мекемесінің "Психологиялық қамтамасыз ету тобының" инспектор психологы  А. Оразбаева.
- Жазасын өтеушілер арасында "Мына дүние қандай тамаша!", "Менің болашағым", "Босағаннан кейінгі менің өмірім", "Менің отбасым", "Менің мақсаттарым" тақырыптарында шығармашылық конкурс ұйымдастырылды. Конкурстың негізгі мақсаты - сотталғандардың психологиялық көңіл-күйін зерттеу, қасақана құқықбұзушылықтар, дене жарақаттарын салу және өз-өзіне қол жұмсау фактілерінің алдын алу және тәрбиелік бағытта психоэмоционалдық климатты түзету, - дейді сотталғандар арасында әлеуметтік-психологиялық  тәрбие бөлімінің басышысы әділет майоры  М. Сағымбаев.
Арнайы байқау комиссиясы сотталғандардың жұмыстарын бағалау арқылы үздіктері таңдап, жүлдегерлерді бағалы сыйлықтармен марапатады. Жасақтар арасында 4 жұмыс байқауға қатысқан екен. 

- Бұндай шығармашылық іс-шаралар үйіңе деген сағыныш, отбасыңа деген махаббат, істеген қылмыс үшін өкініш, өтіп жатқан өмірің туралы іштегі ой-толғанысыңды өлең, шығарма арқылы сыртқа шығаруға мүмкіндік береді. Яғни, бір кезде сүрініп, жаңылып кетсең де, әлі де қоғамға керек екеніңді сезінуге септігі тиеді, - дейді жазасын өтеуші Қ. Қазанқапов.

Следующая →