Усть-Каменогорск
ясно
+18°
  • Усть-Каменогорск
    +18°
  • Алматы
    +24°
  • Нур-Султан (Астана)
    +23°
  • Актобе
    +12°
  • Форт-Шевченко
    +15°
  • Атырау
    +12°
  • Караганда
    +22°
  • Кокшетау
    +19°
  • Костанай
    +10°
  • Кызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +20°
  • Петропавловск
    +19°
  • Тараз
    +25°
  • Уральск
    +4°
  • Шымкент
    +20°
$
439.43
473.31
¥
60.98
4.82
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Спорт алаңы салынуда

Жарма ауданына қарасты Жаңғызтөбе кентінде футбол, баскетбол алаңдары салынып, волейбол алаңының салу құрлыс жұмыстары бітуге жақын

Аталған ауылда Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіш қойылып, көпшілік демалатын орындар да салынуда. Бұл туралы Жарма ауданының әкімі Ахметқали Нұрғожин өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
- Жаңғызтөбе кентінде абаттандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Жұмыстар бірнеше мердігер компаниялардың қатысуымен жүзеге асуда. Кент орталығынан орын тепкен қоғамдық орын бүгінде футбол, баскетбол алаңдарымен толықты. Волейбол алаңының құрлыс жұмысы таяуда бітеді. Бірнеше мердігердің күшімен жабдықталып жатқан саябақ ішінде орталық сахна алаңы, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіш, көпшілік демалатын орындар салынуда. Сол сияқты көгалдандыру бағытындағы жұмыстары да қызу қолға алынған. Алдағы уақытта 100-ге жуық көшеттер отырғызылып, кенттің көрікті орынына айналатын болады, - дейді  Ахметқали Нұрғожин.
Ауыл жастары үшін бұл үлкен қуаныш болмақ. Демек, жастардың жасыл желекте доп тебер күні алыс емес. 
Следующая →