Жолаушыларға арналған демалыс орыны абаттандырылды
Жарма ауданы Қалбатау ауылына кіре беріс бөлігіндегі жолаушыларға арналған демалыс орны абаттандырылды. Енді жолаушылар осы жерде тынығып, ары қарай сапарларын жалғастыра бермек
Бұл туралы аудан әкімі Ахметқали Нұрғожин өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Демалыс орнына арнайы қазақтың ұлттық аспаптары қойылған.
Следующая →
- Қалбатау – Майқапшағай жол бөлігіде бүгінде күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Аудан орталығымен түйісетін қиылысында жол айырық бой көтеріп, жобаға сәйкес ауылдың кіре беріс бөлігіне жолаушылардың демалыс орны салынған болатын. Біздің тарапымыздан жасалған ұсынысымызды ескерген мердігер «Казгерстрой» ЖШС осы орынды көріктендіру жұмыстарын жүзеге асырып отыр. Яғни, демалыс орны ерекше мәнге ие ұлттық нақыштағы бірнеше мүсіндермен абаттандырылды. Осылайша аудан орталығының тағы бір халықаралық жол бөлігіндегі табалдырығы жаңа кейіпке ие болды, - дейді Ахметқали Нұрғожин.