Бірлік ауылында футбол және воркаут алаңы салынуда
Жарма ауданына қарасты Бірлік ауылында шағын футбол және воркаут алаңдарының құрылысы басталып кетті
Аталған ауылда футбол алаңы бірінші рет салынғалы жатыр. Бұл ауыл жастарның спортпен айналысуына зор мүмкіндік болмақ. Жастарға мұнда шағын футболдан тыс волейбол ойндарында ойнауға болады.
Следующая →
- Ауылдық округтердің әлеуметтік ахуалын көтеру бағытында үстіміздегі жылы біршама жұмыстарды қолға алдық. Бұл ретте жергілікті халықтың ұсыныс-тілектері мен сұранысын қамтамасыз етуге күш салудамыз. Осы бағыттағы жұмысымыз жалғасын тауып, бүгінде Бірлік ауылында шағын футбол және воркаут алаңдарының құрылысы бастауын алды. Аудандық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асып жатқан бұл нысанның өзіндік ерекшелігі де бар. Яғни, жасанды желек төселген ойын алаңы әмбебап болып салынады. Мұнда шағын футбол және волейбол ойндарын ойнауға болады. Мердігер спорт алаңын қыркүйек айына дейін қолданысқа беруді жоспарлап отыр, - дейді Аудан әкімі Ахметқали Нұрғожин.