Усть-Каменогорск
облачно
+16°
  • Усть-Каменогорск
    +16°
  • Алматы
    +20°
  • Нур-Султан (Астана)
    +22°
  • Актобе
    +26°
  • Форт-Шевченко
    +25°
  • Атырау
    +25°
  • Караганда
    +21°
  • Кокшетау
    +21°
  • Костанай
    +25°
  • Кызылорда
    +29°
  • Павлодар
    +17°
  • Петропавловск
    +22°
  • Тараз
    +24°
  • Уральск
    +26°
  • Шымкент
    +25°
$
448.01
+0.93
486.81
+2.40
¥
61.89
+0.19
5.05
+0.04
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Жармада суармалы жер көлемі артады

Жарма ауданында жер мәдениетін дамыту өзекті де маңызды саланың бірі. Бұл бағытта егістік алқаптарын игілікке жарату ісі ауданда өткір тұр

Аудан әкімі Ахметқали Нұрғожин өзінің әлеуметтік парақшасында шаруа қожалықтары мен ауыл шаруашылығы құрылымдары дәнді-дақылдар егу ісіне аса мән беріп отырғандығын жазды. 
- Суармалы алқаптарды қайта жаңғырту мақсатында Шар су қоймасы қайта жарақтаудан өтуде, - дейді Ахметқали Нұрғожин. - Таяуда облыс әкімінің орынбасары Ержан Нұрбаев бастаған облыстық "Қазсушар" РМК, ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары басқармалары басшылары қолда бар су көзін игілікке жарату ісі мен су қоймасының мүмкіндігін пысықтап, суармалы егістік көлемін арттыру жайын талдады.
Яғни, Ақтоған су магистарлін қалыпқа келтіре отырып, бүгінде қолданыстағы 1835 гектар суармалы жер көлемін бірнеше есеге арттыруды көздеп отыр. 

Осы орайда ауданда егістікке орақ түсіп, күзгі жиын-терім жұмыстары бастау алғандығын айта кетейік. 
- Алғаш болып бұл жұмысты "Шалабай" ЖШС қолға алып отыр, - дейді аудан әкімі. - Үстіміздегі жылы жаздың басым бөлігі құрғақшылық болғандықтан, өңірлік дихандардың бірқатары ылғал сақтау сынды агротехникаларды қолдана отырып, барынша мол өнімділікке қол жеткізуге күш салды. Сол сияқты қысқа мал азығын дайындау ісі де қарқынды жүруде. Жалпы мамандар қажетті мал азығы қорын нақтылап, астық түсіміне сараптама жасап, қажетті көлемін шығаруда. Енді алынған өнімді ысырапсыз жинау мақсаты тұр. Диқандар қолайлы ауа райының әрбір сәтін ұтымды пайдаланып қалуға тырысуда.

Следующая →