Мал иелері айыппұл арқалайды
Ауыл ішінде және жол үстінде қараусыз жүрген мал иелеріне айыппұл салынады
Мәселен, Тарбағатай ауданының әкімдігі хабарлағандай, аудан орталығында 16 бас мал арнайы малқамаққа қамалды.
Малын қараусыз жайылымға жібергендер әкімшілік жауапқа тартылатынын ескертеді тәртіп сақшылары. Мәселен, Ұлан ауданында осы уақытқа дейін 43 адам әкімшілік жауапқа тартылыпты.
Следующая →
- Ақсуат ауылындағы қоғамдық орындардағы тәртіппен қатар, көше тазалығын қадағалау мақсатында ауылдың орталығында көше кезіп, қараусыз жүрген 11 бас бұзау, 3 бас сиыр және 2 бас жылқы, жиыны 16 бас мал арнайы малқамаққа қамалды, - деп мәлімдеді аудан әкімдігі. - Қараусыз жүрген мал иелері анықталып, учаскелік полиция инспекторлары тарапынан ескерту шаралары мен айыппұл салу жұмыстары жүргізілуде.Ал Ұлан ауданында осы тоғыз ай ішінде айыппұл тұрағына 939 мал басы қамалған.
- Өткен жылмен салыстырғанда биыл малқамаққа 620 мас басы көп жеткізілген. Мәселен, 2019 жылы барлығы 18 хаттама толтырылса, 2020 жылдың 9 айында әлден 169 хаттама толтырылып үлгерген, - деп мәлімдеді Ұлан аудандық полиция бөлімі.Айта кетейік, негізінен аудан бойынша барлығы 17 малқамақ бар екен.
Малын қараусыз жайылымға жібергендер әкімшілік жауапқа тартылатынын ескертеді тәртіп сақшылары. Мәселен, Ұлан ауданында осы уақытқа дейін 43 адам әкімшілік жауапқа тартылыпты.