Усть-Каменогорск
пасмурно
+19°
  • Усть-Каменогорск
    +19°
  • Алматы
    +20°
  • Нур-Султан (Астана)
    +15°
  • Актобе
    +8°
  • Форт-Шевченко
    +17°
  • Атырау
    +12°
  • Караганда
    +17°
  • Кокшетау
    +11°
  • Костанай
    +7°
  • Кызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +20°
  • Уральск
    +5°
  • Шымкент
    +20°
$
441.66
-2.48
475.14
-1.91
¥
61
-0.34
4.86
+0.01
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Қырық жыл жөндеу көрмеген құбырлар

Биыл Көкпекті ауданына қарасты бірнеше елді мекенде таза ауызсу тарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде

 Бұған дейін орталықтандырылған ауызсудың жоқтығынан жер асты суын пайдаланып келген тұрғындар енді таза ауызсуға қол жеткізбек. 

Бұл туралы Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары Жаслан Майкенев мәлім етті.
- Ағымдағы жылы "Аймақтарды дамыту - 2020" мемлекеттік бағдарламасы аясында ауданға қарасты елді мекендерді сумен қамтамасыз ету бойынша 14 жоба іске асырылуда. Олар Көкпекті ауылының су құбыры желілерін және ғиммаратарын қайта жаңарту, Самар ауылының су құбыры желілері мен су жинау құрылғыларын қайта жаңарту. Сонымен бірге, Ажа ауылының су жинау ғиммаратарын, Көкжыра, Көкжайық, Үлкенбөкен, Құлынжон, Аққала, Миролюбовка, Преображенка, Маринагорка және Үлгілімалшы ауылдарының су құбыры желілерінің құрылысы жүргізіліп жатыр, - дейді аудан әкімінің орынбасары Жаслан Майкенев.
Айта кетейік, Самар ауылындағы Ешкібай су қоймасынан келетін су құбырының жөндеу көрмегеніне қырық жылдай уақыт болған екен. Тозығы жеткен құбыр толықтай қайта тартылуда.
- Ауыл тұрғындарының сұранысы бойынша құбырларды жаңартып жатырмыз. Жұмыстың іске асуына республикалық бюджеттен 94,0 млн теңге қаржы бөлінді. Бұған дейін су құбырының жарық жерлері көп болғандықтан су дұрыс келмейтін. Қазір жұмыс қарқынды жүргізілуде. Жоспар бойынша 786 тұрғын үй осы суды пайдаланады. Сонымен бірге, егіс алқаптарын да суарамыз, - дейді Самар ауылының әкімі Ахмет Күдербаев.
Ал Жаслан Майкеневтің сөзіне сүйенсек, аталған аудандардан тыс тағы бірнеше ауылдарды сумен жабдықтау мақсатында конкурстық рәсімдер откізіліп жатқан көртінеді. 
- Қосымша Қаракөл, Раздольное, Ақой, Қарамойыл ауылдарының су құбыры желілерінің құрлысы, Көкжота ауылындағы су жинау құрылғыларының құрлысына ЖСҚ әзірленіп, бюджеттік өтінім тапсырылып, конкурстық рәсімдер откізілуде. Сонымен қоса, осы жылы Биғаш, Шұғылбай, Жумба, Мамай, Шәріптоғай ауылдарының су құбыры желілерінің құрлыстарына ЖСҚ әзірлеу жұмыстары жүргізілуде, - дейді аудан әкімінің орынбасары Жаслан Майкенев.

Следующая →