Усть-Каменогорск
пасмурно
-4°
  • Усть-Каменогорск
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Нур-Султан (Астана)
    -7°
  • Актобе
    -3°
  • Форт-Шевченко
    +10°
  • Атырау
    +5°
  • Караганда
    -8°
  • Кокшетау
    -5°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Уральск
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Қаһарлы қысқа дайындық қызу

Биыл аудандарда көмір бағасы қандай болады?

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов аудан әкімдеріне 1 тамызға дейін қысқа дайындық жұмыстарын толық қамтамасыз етуді тапсырған болатын. 

Қылышын сүйретіп келе жатқан қытымыр қыстан қысылмай шығу үшін әр ауданда дайындық жұмыстары қызу жүргізіліп жатыр. Аудандар қатты отынмен қамтамасыз етіле бастаған.

 Зайсандықтар газдың рахатын сезінуде


Зайсан ауданында қазіргі таңда газдандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Мемлекеттік мекемелермен қатар жеке тұрғын үйлерге де газ тартылып, қыста от жақпайтындай жайлы жағдай жасалуда. Бұндағы тұрғындар бүгінде көмір алмайтын болған. 

Ауданда ағымдағы жылы 8 мекемені газ жүйесіне қосу жоспарланып отыр.
- Оның ішінде 4 мектеп, балабақшалар, ауылдық округ әкімдіктері бар, оларды газға қосу арқылы біз бюджет қаржысын үнемдеп отырмыз, - дейді Зайсан ауданы әкімінің орынбасары Серік Тілемесов. - Көмір жаққанға кететін шығын газ жүйесіне ауысқаннан кейін екі есеге үнемделетіні анықталды.
Сарыбұлақтан шығатын лаулаған көгілдір отын қазіргі таңда аймаққа кеңінен таралуда. Жыл өткен сайын тұтынушылар қатары көбейіп келеді.
- Отыз жыл бойы қатты отынмен жұмыс істесек, енді мектебіміз газға қосылып, қуанып отырмыз, - дейді Зайсан ауданының тұрғыны Бақытгүл Масабаева. - Мұндай игі істі бастаған облыс әкіміне, қостап-қолдаған аудан әкіміне көп рақмет. Жылдар бойы жасаған ауыр еңбектен құтылып, оның үстіне отынға кетер шығын азайып, рақаттанып қалдық.

Үржарға 73 мың тонна көмір қажет



Үржар ауданы бойынша жылумен қамтамасыз ету жұмыстарына 1 орталық-тандырылған жылу қазандығы және 39 автономды қазандық жұмылдырылған. Жыл сайын жылыту маусымы аяқталғаннан кейін қазандықтарды жөндеу жұмыстары жүргізіліп отырады. 2020-2021 жылдардың жылу беру маусымына дайындық барысында 2 мектептің қазандықтары ауыстырылды. Автономды қазандықтар жылыту маусымына дайын.
- Жалпы аудан халқы үшін көмірге қажеттілік 72 893 тоннаны құрап отыр. Бүгінгі күні 37 950 тонна немесе көмірдің 52,1% жеткізілді, - дейді Үржар ауданы әкімдігінің аппарат басшысы Әсет Баймұрзаев. - Биыл аудан бойынша көмірдің 1 тоннасы 18000 мың теңгені құрап отыр. 32 білім мекемесіне және 11 мәдениет нысанына күрделі және ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жөндеу жұмыстарын 20 тамызда толық аяқтау жоспарланған.
Орталық жылу қазандығына 3 көппәтерлі тұрғын үй және аудандық мәдениет үйінің, "Балауса" балабақшасының, саз мектебінің, аудандық білім беру бөлімінің, аудандық әкімдіктің ғимараттары қосылған. Көмірге қажеттілік 758 тоннаны құрайды. "Үржар Жылу" ЖШС отын тасымалын ағымдағы жылдың 15 тамызында бастауды жоспарлап отыр. Ағымдағы жылы аудан халқын арзандатылған сапалы көмірмен қамтамасыз ету мақсатында "IT NUR LLC" ЖШС-мен өзара ынтымақтастық туралы меморандумы жасалды. Үржар ауданы бойынша жасалған меморандумға сәйкес 1 тонна көмірдің орташа бағасы 15000 теңгені құрайды. 

Көмірдің бағасы көтерілді


Ал Күршім ауданында ағымдағы жылдың жылу беру маусымы бойынша барлық әлеуметтік нысандар жылумен және электр энергиясымен толық қамтамасыз етілген. Коммуналдық кәсіпорынға қарасты 3 жылу қазандығының 2-еуінде ағымдағы жөндеу жұмыстары атқарылуда. Аталмыш 3 қазандықтан 41 жер үй, 1 мектеп, аудандық білім бөлімінің ғимараты және көппәтерлі 1 үй жылытылады.

Аудан бойынша білім бөліміне қарасты 48 мекеменің 31-і электр қазандықтарымен, 9 мектеп теплофонмен, 3 мекеме орталықтандырылған жылу жүйесімен, 5 мектеп тас көмірмен жылытылады.

Денсаулық сақтау саласы бойынша ауданда барлығы 42 медицина мекемесі жұмыс істейді. Оның ішінде аудандық аурухана, Марқакөл ауылдық ауруханасы, 7 дәрігерлік амбулатория, 33 медициналық пункт бар. Аудандық аурухана жылу қондырғысы арқылы, 10 мекеме электрмен, 4-еуі ағаш отынмен, қалған 27-сі көмірмен жылытылады. Аудан бойынша халыққа қажетті көмірдің 18500 тоннасы жеткізілген. Алдағы уақытта тас көмірдің 15000 тоннасын "Иртыштранс" ЖШС-і, 9000 тоннасын "Сайхан" ЖШС-нен және Алтай қаласынан жеке кәсіпкерлер тасымалдайды. Аудан бойынша халыққа 24000 тонна тас көмір, 22000 шаршы метр ағаш отын қажет. 
 - Бүгінгі күні Құйған айлағында халыққа көмір 17000 теңгеден сатылуда, - дейді Күршім ауданы әкімінің орынбасары Ерлан Шораяқов. - Былтырғы жылмен салыстырғанда бағасы 1000 теңгеге артты, себебі "Қаражыра" АҚ-нан Құйған айлағына дейін көмір тасымалдаушы "Иртыштранс" ЖШС тасымалдау құнын жоғарылатқан еді.
Шалғайдағы елді мекендерге тасымалдау қашықтығына байланысты тас көмір жеткізу 18000-20000 теңгені құрайды.

Қыркүйекте жеткізіледі



Бесқарағай ауданында білім беру мекемелеріне "Әли Нұрлы жол" ЖШС-мен жалпы сомасы 61,950 мың теңгеге 6195 тонна көлемінде тас көмір жеткізуге келісім шарт жасалды. Жеткізу жұмыстары ағымдағы жылдың тамыз-қыркүйек айларында жүзеге асырылады. Қазіргі таңда білім беру мекемелерінің 52,4%-ы жылу беру маусымына дайын. Аудан бойынша халыққа 15 мың тонна көмір қажет. жергілікті тұрғындарға көмір жеткізу мәселесімен жеке кәсіпкерлер айналыспақ.
- Бүгінде денсаулық сақтау мекемелеріне 1345 тонна көмір қажет, ол үшін бюджеттен 19 502 500 теңге көлемінде қаржы бөлінді, - дейді Бесқарағай аудандық ТҮКШ басшысы Татьяна Ивановна. - Ал мәдениет ғимараттарына 414 тонна көмір қажет, ол үшін "Әли Нұрлы Жол" ЖШС-мен 4 967 072 теңгеге келісім шарт жасалған, қаңтар-сәуір айлары аралығында 192 тонна көмір жеткізілді, қалған 222 тонна көмірді қыркүйек айында тасымалдау жоспарланып отыр.

Следующая →