Усть-Каменогорск
пасмурно
-10°
  • Усть-Каменогорск
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Нур-Султан (Астана)
    -6°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +10°
  • Атырау
    +3°
  • Караганда
    -8°
  • Кокшетау
    -6°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Уральск
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Алимент төлемесе жауапқа тартылады

ШҚО прокуратурасы берешегі бар тұрғындардың қарызын азайту мақсатында іс-шара өткізіп, борышкерлерден 139,8 млн теңге сомасында алимент өндірді

Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі мәлім етті. 
- Алименттерді өндіру мәселесі Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының тұрақты бақылауында. Берешек сомасын азайту мақсатында борышкерлермен жан-жақты жұмыс жүргізілуде. Түсіндіру және шектеу сипатындағы шаралар қабылданып, алдын алу шаралары жасалуда. Соның нәтижесінде осы жылы 139,8 млн. теңге сомасында берешек өндірілді. Ай сайын 3,7 мыңға жуық бала ата-аналарынан заңды төлемдер ала бастады. Жұмыссыз ретінде облыстың 1306 тұрғыны есепке алынды. Оның 1053 жұмысқа орналастырылып, кейбіреулері қайталап оқыту курстарына жіберілді, - деп жазды Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, алименттерді әдейі төлемей жүрген тұрғындарға тиісті шаралар қолданылып, тіпті қылмыстық жауапкершілікке тартылады екен. 
- Атап айтқанда, алимент төлеуден жалтарған 60 борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылды. 33 адамға қатысты бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды. 27 борышкерге қатысты іс жәбірленушілермен татуласуына байланысты тоқтатылды. Кәмелетке толмағандарды  асырау міндеттерін орындамағаны үшін тағы 80 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 61 адамға қатысты қамауға алу түріндегі жаза қолданылды, қалғандары айыппұл төледі, - дейді баспасөз қызметі.

Следующая →