Усть-Каменогорск
пасмурно
-10°
  • Усть-Каменогорск
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Нур-Султан (Астана)
    -6°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +10°
  • Атырау
    +3°
  • Караганда
    -8°
  • Кокшетау
    -6°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Уральск
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Тозығы шыққан жолға асфальт төсеуді сұрайды

Тарбағатайдағы Асусайға баратын жолды жаңбыр суы бұзып кеткен

Шілде айының ортасында Тарбағатайдың Жаңаауылында төпелей жауған қалың нөсердің кесірінен таудан аққан жауын суы ауылдың тең жартысын шайып кеткен болатын. Салдарынан бірнеше үйге, қора, көлікжайларға су кіріп кеткен. Қазіргі таңда тұрғындар жауын суынан зақымдалған үйлерін жөндеп әбігерге түсіп жатыр.

Сол сияқты Жетіаралдан Асусайға баратын жолдың Тайбақан учаскесіндегі 100 метр жері де жауған нөсердің салдарынан бұзылған екен. Аудан әкімдігі сол жауын бұзып кеткен жерлер "Ақжар комхоз" мекемесі арқылы толығымен жөнделгенін жазды өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Алайда тұрғыдар жаңбыр жауған сайын опырылып, су шайып кете беретін бұл жолға асфальт төселсе деп тілейді.
- Жөнделген ештеңесі де жоқ. Неге асфальт төсеп жөндемейді? Баяғы заманнан келе жатқан жолдың әбден тозығы шыққан, - дейді Анар Ануархан есімді желі қолданушысы.

Следующая →