Мектептерде компьютер жеткілікті ме?
Зайсан ауданында 2020-2021 оқу жылында 6371 оқушы білім алады. Бұл туралы аудан әкімі Серік Зайнулдин "Zoom" байланысы арқылы өткізілген баспасөз конференциясында мәлім етті
Жуықта аудан әкімі Серік Зайнулдин бұқаралық ақпарат құралдары, бөлім басшылары мен ауыл әкімдері, мектеп директорлары, ата-аналар комитетінің мүшелерінің қатысуымен "Zoom" байланысы арқылы баспасөз конференциясын өткізді. Конференция барысында аудан әкімі Серік Зинабекұлы ауданның білім беру саласында атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттерді баяндады.
Следующая →
- Бүгінгі таңда ауданымызда 27 мектеп бар. Оның 17 - орта, 8- негізгі орта, 2 - бастауыш мектеп, 16 балабақша, 2 мектептен тыс қосымша білім беру мекемелері жұмыс істейді. Мектепке дейінгі білім берумен қамту бойынша 1 жастан 5 жасқа дейінгі балалар барлық бала санының 92%-ын, 3 - 6 жасқа дейінгілер бала санының 100% құрайды. 2020-2021 оқу жылында 6371 оқушы білім алады, - дейді аудан әкімі Серік Зайнулдин.Аудан әкімінің сөзіне сүйенсек, қашықтықтан оқыту форматында оқитын мектептер саны 10. Оқушы саны 2762 ні құрайды екен.
- 10 мектеп кезекші сыныптар ашады. Оқушы саны - 2110. Штаттық режимде оқитын мектептер саны -17. Оқушы саны 1499 бала.17 мектеп қатаң санитарлық талаптарды сақтай отырып, балаларды 100% мектепте оқытады. Сабақтар 2 ауысымда ұйымдастырылады, кабинеттер арасы алшақ болу қамтамасыз етіледі. Сабақ уақыты мен үзіліс уақыты қысқартылып, негізгі пәндер ғана оқытылады. Дене шынықтыру және вариативті пәндер қашықтықтан жүргізіледі. Санитарлық талаптарды орындау үшін 11478,5 мың теңгеге қажетті санитарлық құралдар алынуда. Нақты айтсақ, санитайзерлер, тепловизорлар, кварц лампалары, маскалар, залалсыздандыру заттары, дезинфекциялық кілемшелер, - дейді Серік Зинабекұлы өз сөзінде.Оның айтуынша, ауданда мектеп жасындағы балалары бар 4041 отбасы бар. Десе де, ауданда 1000 отбасына компьютер жетіспеушілігі байқалыпты. Соған байланысты аудан әкімі 32 871,0 мың теңге қаржыға құны 150 мың теңгелік 331 компьютер алу бойынша тиісті жұмыстар жүргізуде.
- Компьютерлер ерекше қажеттіліктері бар оқушыларға және аз қамтылған, көпбалалы оқушыларға беріледі. 2020-2021 оқу жылының 1-тоқсанында аз қамтылмаған және көпбалалы отбасы оқушылары, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған оқушылар үшін тамақтану ұйымдастырылмайды. Мектептердің 1- тоқсанына арналған жалпыға міндетті мемлекеттік қордағы үнемделген 32 871,0 мың теңге қаржыға құны 150 мың теңгелік 331 компьютер алу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар, мектептердегі жаңа үлгідегі 685 компьютер оқушылардың уақытша пайдалануына беріледі, - дейді аудан әкімі.
Темы:
Зайсан ауданында