Усть-Каменогорск
ясно
+11°
  • Усть-Каменогорск
    +11°
  • Алматы
    +17°
  • Нур-Султан (Астана)
    +12°
  • Актобе
    +16°
  • Форт-Шевченко
    +18°
  • Атырау
    +15°
  • Караганда
    +10°
  • Кокшетау
    +12°
  • Костанай
    +14°
  • Кызылорда
    +20°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +13°
  • Тараз
    +18°
  • Уральск
    +11°
  • Шымкент
    +22°
$
439.43
-2.23
473.31
-1.83
¥
60.98
-0.02
4.82
-0.04
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Тарбағатайлық түлектер тартқан тарту

Алыс-жақын қалаларға түлеп ұшқан түлектер туған жеріне көмек қолын созуда

Мәселен, Ақсуат ауылындағы К. Нұрбаев атындағы орта мектебінде ұзақ жылдар бойы ұстаздық қызмет атқарған Хамзина Бисағидің білімі мен тәрбиесінен нәр алып, қанаттарын кеңге салып, Нұр-Сұлтан, Алматы, Өскемен, Семей және Екібастұз сынды қалаларда қызмет атқарып жүрген 1996 жылғы мектеп түлектері бірігіп, Тарбағатай аудандық орталық аурухана қызметкерлеріне жұмыстары барысында қолдану үшін құны 300 000 теңге тұратын 10 комбинезонды сыйға тартты. 

- Аталмыш медициналық киімдерді сыныптастарының атынан Гүлжан Кәрібасова табыстады, - деп мәлімдеді Nur Otan партиясының ШҚОФ баспасөз қызметі. - Осы тұста игі іске қолдау жасаған ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде қызмет атқаратын Әсем Тұрлыбекова жерлесіміздің еңбегін атап өткіміз келеді. Қазақстанның түкпір-түкпірінде жүрсе де, түлеп ұшқан ұяларын ұмытпай, келіп қолұшын созып жатқан түлектерге аудан әкімінің орынбасары Е. Сабырбаев және емдеу ісі бойынша бас дәрігердің орынбасары Г. Балтабекова халықтың атынан алғысы мен ризашылықтарын білдірді.

Следующая →