Усть-Каменогорск
малооблачно
-13°
  • Усть-Каменогорск
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Нур-Султан (Астана)
    -6°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +8°
  • Атырау
    +1°
  • Караганда
    -3°
  • Кокшетау
    -9°
  • Костанай
    -7°
  • Кызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Уральск
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Балық өңдеу өндірісі дамып келеді

Күршім ауданында балық өңдеу кәсібі күн санап дамып келеді. Аудандағы  балық өңдеу зауыты 2013 жылдан бері жұмыс істейді

Кәсіпорын жанынан кәсіпшілік балықтардың саласын дамыту мақсатында 5 қожалыққа арнайы аумақтар бөлініп берілген. Оның ішінде үш аумақ Зайсан көлінде, ал қалған екеуі Бұқтырма су қоймасында. 

- Шаруашылыққа бекітілген жер телімі 150 мың 300 гектар. Қожалықтың тоңазытқышта өнімді сақтау қуаттылығы мыңнан, мың бір жүз тоннаға дейінгі көлемді құрайды. Ал  өнімді өңдеу 10 тоннаға дейін балық сүбесін шығаруға қауқарлы. Зауыттың балық өнімдері тек Қазақстанда ғана емес, Литва, Ресей Федерациясы мемлекетінде де сұранысқа ие. Кәсіпорын жанынан Күршім ауданындағы Кенжебай көлінде балық шаруашылығын дамыту мақсатында балық өндірісінің кластері құрылған, - дейді балық өңдеу зауытының директоры Арман Қалиакперов.

Айта кетейік, шаруашылық 2018 жылдан бері үздіксіз жұмыс істеп келеді. Негізгі мақсат жергілікті су қоймасындағы балық ресурстарын қалыпқа келтіру. Су қоймасына былтыр 2 миллионға жуық майшабақтар жіберілген. Алдағы 2-3 жылда олардың өсімі бақыланатын болады. Уақыт өте келе балықтар келісімшарт негізінде Зайсан көлі мен Бұқтырма су қоймасына жіберіледі.
Следующая →