Усть-Каменогорск
пасмурно
-10°
  • Усть-Каменогорск
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Нур-Султан (Астана)
    -6°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +10°
  • Атырау
    +3°
  • Караганда
    -8°
  • Кокшетау
    -6°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Уральск
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

ШҚО да қанша балаға компьютер беріледі?

Шығыс Қазақстан облысында 17 мыңнан астам оқушы компьютермен қамтамасыз етілмек

Әлеуметтік желідегі тікелей эфир барысында ШҚО әкімі Даниал Ахметов өңірдегі мектептерде 33 200 компьютер бар екенін атап өтті. 
- Оқушылардың 88 пайызы үй жағдайында компьютермен қамтамасыз етілген. Ал 22,4 мың баланың онлайн режимде білім алуына техникалық жағдай жасалмаған. Сондықтан 17 мыңнан астам оқушыға, ең алдымен әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларда тәрбиеленіп жатқан балаларға мектептердегі компьютерлер беріледі. Кейін олар компьютерді мектепке қайтарып беруі тиіс. Сондай-ақ, 197 педагог қажетті техникамен қамтамасыз етілмек. Көп жағдайда бір отбасы мүшелері 1 компьютер қолданады. Ол жанұяның ата-анасы қашықтан жұмыс істеп отыруы да мүмкін. Сол себепті бір компьютердің аздық ететіні түсінікті. Аталған мәселе мектеп әкімшіліктерінде жіті талқыланады, - дейді Даниал Ахметов.

Аймақ басшысының сөзіне сүйенсек, 25 тамызға дейін облыс мектептеріне қосымша компьютерлер сатып алынбақ.
- 25 тамызға дейін облыс мектептеріне қосымша 9,5 мың бірлік компьютер сатып аламыз. Сонымен қатар, үкіметтік қордан 26,5 мың бірлік техника алуға қаражат бөлу қарастырылып отыр. Бұл қаржы балалар мен педагогтерге қажетті техниканы алып беруге жеткілікті, - деді аймақ басшысы. 
Оның айтуынша, интернет мәселесі де шешімін табады. Бүгінде 189 мың оқушының 18,3 мыңы ғаламтормен қамтамасыз етілмеген. Осы мәселені шешу үшін балаларға SIM-карталар мен тарифтер қосылған жоғары жылдамдығы бар 5 620 роутер беріледі. Қалған 6 877 бала штаттық режимде білім алатын болады. Бұдан бөлек, мектеп жасындағы балалар тұратын барлық елді мекенде интернет желісінің жылдамдығы арттырылмақ. Аймақ басшысының айтуынша, 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін 52 елді мекендегі интернет желісінің жылдамдығы жоғарылайды.

Следующая →