Көше шамдары орнатылды
Жарма ауданына қарасты бірнеше елді мекендердің көшелері жарықтандырылды
Бұл туралы аудан әкімі Ахметқали Нұрғожин өзінің әлеуметтік желі парақшасында жазды.
Следующая →
- Жарма ауданы бойынша «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында ауыл көшелерін жарықтандыру жұмыстары жалғасуда. Бүгінгі таңда аудан тұрғындарының ұсыныстарын назарға ала отырып, Шар қаласы, Әуезов кенті және Қалбатау ауылында бірнеше көше жарықтандырылып, шамдар орнатылды. Атап айтар болсақ, Шар қаласы Амангелді көшесі, Әуезов кенті Геологический көшесі, Қалбатау ауылы Келденов көшесін жарықтандыру жұмыстары аяқталды. Ал Т. Әбдірахманқызы көшесі бойында орналасқан мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған ойын алаңына жарық орнату бойынша жөндеу-құрылыс жұмыстары аяқталып, техникалық құжаттары дайындалуда. Алдағы уақытта аудан көлемінде көшелерді жарықтандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп отырады, - дейді Ахметқали Нұрғожин.Аудан әкімінің орынбасары Айдар Ибраевтың айтуынша, алдағы уақытта тағы бірнеше елді мекенге көше шамдары орнатылмақ.
- Қаратөбе ауылының көшесін жарықтандыруға 3677,0 мың теңге, Жаңғызтөбе кентінде көше жарығын орнатуға 4394,4 мың теңге қарастырылған. Алдағы уақытта Сұлусары ауылында және Жарма кентінде шамдар орнату көзделген, - дейді Айдар Ибраев.
Темы:
Жарма ауданы