Усть-Каменогорск
ясно
+9°
  • Усть-Каменогорск
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Нур-Султан (Астана)
    +13°
  • Актобе
    +19°
  • Форт-Шевченко
    +22°
  • Атырау
    +21°
  • Караганда
    +9°
  • Кокшетау
    +14°
  • Костанай
    +16°
  • Кызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Уральск
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Мектептер жөндеуден өтті

Жарма ауданында жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Соның нәтижесінде аудандағы 38 білім ордасының 19-ы жөндеуден өтті

Бұл туралы аудан әкімі Ахметқали Нұрғожин өзінің әлеуметтік парақшасында жазды. 

- Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары бүгінде кешенді жүзеге асуда. Аудандағы 38 білім ордасының 19-ы жөндеуден өтіп, жаңа кейіпке енуде. Яғни, мұндағы мақсат оқушылардың білім алуына толық жағдай жасау көзделіп отыр. Атап айтатын болсам, «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 9 мектепке 10 жобалық жұмыс қолға алынып, бүгінде жөндеу жұмыстары толықтай аяқталды. Тек М. Аймақов атындағы орта мектепті күрделі жөндеу жұмыстары аяқталу алдында тұр. Сонымен қатар, облыстық бюджет қаражаты есебінен 3 мектеп, аудандық бюджет қаражаты есебінен 3 мектеп пен 2 балабақша жөндеуден өтті. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатқан Бақыршық орта мектебі мен Абай атындағы мектеп-гимназия мердігерлері оқу жылына дейін нысанды пайдалануға беруді көздеп отыр. Жалпы осы жұмыстарды жүзеге асыру барысында ауылдардағы мектептерді ішкі кәріз жүйесімен қамтамасыз ету құрылыстары жүргізілді. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады, - дейді ауданы әкімі Ахметқали Нұрғожин.
Следующая →