Усть-Каменогорск
пасмурно
-10°
  • Усть-Каменогорск
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Нур-Султан (Астана)
    -6°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +10°
  • Атырау
    +3°
  • Караганда
    -8°
  • Кокшетау
    -6°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Уральск
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

"Таланттар тасада қалып барады"

Әр пенде бойындағы буырқанған сезімін, шарық-таған шабытын, толқы-ған толғанысын әртүрлі формада дүниеге әкеледі. Мүмкін ол ақын, жазушы, не болмаса суретші болуы мүмкін. Десе де, әр өнердің сүрлеуі өз алдына бөлек

Жолымыз түсіп, ҚР сурет-шілер одағының мүшесі, суретші жерлесіміз Құдаш Нұрсадықовтың қара шаңыра-ғында қонақта болып қайттық. Ол талай халықаралық көрмелер, пленэр-симпозиумдар мен байқауларға қатысқан қылқалам шебері.
Балалық шағын сурет өнерімен байланыстырған ол Катонқарағай ауданы Үштөбе ауылында дүниеге келген. Алтайдың тұмса табиғаты кейіпкеріміздің арманына қанат бітірсе керек.


Ата өнері - балаға мұра


- Балалық шағым Алтайдың баурайында өткеннен кейін өнерге талпынбау мүмкін емес. Табиғат сұлулығы адамға күш береді екен. Менің атам Нұрсадық Тұмабайұлы ұста болған кісі. 1937 жылы халық жауы деп Сібірге айдалып, қара жұмысқа салса керек. Бір күні жоғарыдан басшылар келіп, орыс ұсталарға ұзындығы 10 метр болатын бұрғы жасауды бұйырған екен. Бірақ ұсталар ондай ұзындықтағы бұрғыны жасау мүмкін емес деп тойтарыс беріпті. Сонда шеткері тұрған атам "мен жасап көрсем бола ма?" дегенде, менсінбеген басшылар мен ұсталар ду күліпті. Сонда намысқа тырысқан атам әлгілердің көздерін бақырайтып қойып, тапсырманы сапалы орындап шыққан. Қатты таңғалған олар атамды бас ұста қылып құрмет көрсеткен екен. Сөйтіп атамыз Нұрсадық өнерінің арқасында елге аман-есен оралды. Сондықтан өнер атаулы бізге жат емес, - дейді Құдаш Нұрсадықов әңгімесін жалғап. - Мені сурет өнеріне баулыған әкем еді. Ол кісі географ әрі оқытушы болған. Мен дүниеге келетін жылы әкем оқушыларын ертіп алып ауылдың шетіндегі үлкен жартасқа аттың суретін ойып салыпты. Содан бері 60 жыл уақыт өтсе де, ол сурет әлі тұр.
Кейіпкеріміз өзінің туған жеріндегі мектеп төртінші сыныпқа дейін ғана болғандықтан, көрші ауылдың мектебіне ауысады. Сол кезден бастап қазақ әдебиетіндегі ақын-жазушылардың портретін сала бастады.
- Мектеп қабырғасында жүріп, қазақ әдебиетіндегі ақын-жазушылардың портретін сала бастадым. Менің бала күнгі арманым - жазушы болу еді. Бірақ жазушы болам деген арманым бірте-бірте өзгеріп, бейнелеу өнеріне ұласып кетті. Кейін Семейдегі педагогикалық институттың сурет факультетін бітіріп, алғаш еңбек жолын туған жерімде оқытушы болып бастадым, - дейді кейіпкеріміз.


Әкенің қолдауы



Бір қуантарлығы, сол кезде дүние тапшы болса да, кейіпкеріміздің әкесі Дәулетқан болашақ суретшінің өнеріне ерекше қолдау көрсетіпті. Тіпті, оның туындылары ауыл ішінде бір тайыншаның құнымен бағаланған кездері де аз емес.
- 8-9-шы сынып оқып жүргенде суретшілер суретті кенепке салады дегенді естідік. Кенептің не екенін де білмейтін едік. Бір күні почтаға барсам, Мәскеуден майлы бояулар тапсырыс беруге болады деді. Тапсырыс беріп, хат жолдадым. Бір күні тапсырысым келді. 35 сом болыпты. Ол кезде әкем мектепте істейтін. 35 сом деген әкемнің еңбек ақысының жартысы еді. Бұлай қымбатқа шығады дегенді мен әкеме қалай естіртерімді білмей жүрдім. Ақыры айттым. Ренжіді. Біз үйде 10 баламыз. Барлығының киім-кешек, тамағы бар, оңай емес. Бірақ әкем өнерімді қолдап, бояуларды алып берді. Енді кенеп табу керек болды. Ол кезде барлығы тапшы еді. Сөйтіп әкем әкелген дермантинге маралдардың суретін сала бастадым. Анам суреттің шеттерін тігіп, жиектеп берген. Бір күні Оралбек есімді жездеміз жаңағы суретіме қызығып, құда түсіп, алып кетті. Ертеңінде тайыншасын жетелей келіпті. Сөйтіп әкемнің көңілі орнына түсіп, ары қарай майлы бояумен шығармашылығымды жалғастыра бердім, - дейді суретші.


Ұрпақ тәрбиелеуді мұрат тұтқан



Кейіпкеріміз кейін Өскемен қаласына келіп, бала оқыту жұмысын жалғастырады. Ұрпақ тәрбиелеуді мұрат тұтқан ол тіпті өзінің жеке балаларға арналған студиясын ашып, шәкірттерімен бірге талай белесті бағындырды.
- Бір қуанғаным студияға өнер іздеген балалар көп келді. Кейін олардың барлығы керемет оқу орындарына түсті. Ал кейбірі талай байқауда топ жарды. Дубайда өткен халықаралық байқауда шәкірттерім бірінші орын алды. Шығыс Қазақстан өнер музейінде үлкен байқау жарияланды. Марқұм болған анамды сағынып отырып, пештің қасында жүрген бейнесін салдым. Сол туынды байқауда бас жүлдені жеңіп алды. Осылай байқауларға қатысып жүлделі болған кездерім де болды. Солардың ішіндегі өзім үшін ең бағалысы, шығармашылық өміріме үлкен әсер еткендері: Республикалық Евразиялық банктың ұйымдастырған бәйгесінде алған жүлдем және облыстық "Менің Қазақстаным" байқауында алған бас жүлдем болды. Одан кейін де бірнеше бәйгелерге қатысып, қанжығалы болып жаттық. Десе де, мен үшін шәкірттерімнің өнері биіктен көрініп жатқаны зор қуаныш, - дейді Құдаш Нұрсадықов. - Суретші ең бірінші еңбекқор болуы керек. Еңбектене білмесең, бойыңдағы талантыңа қиянат жасаған боласың. Шәкірттеріме қоятын бірінші талабым осы. Адамды өсіретін ол - еңбек.

Суретшілерге қолдау көрсетіле ме?



Құдаш Дәулетқанұлы өңірдегі тасада қалған қазақ суретшілерінің туындыларын қайта жаңғыртуға үлес қосыпты. Бұл оның өнерге деген құрметі мен махаббатының айқын көрінісі. 
- Алғаш музейде жұмыс істедім. Музей қорында қазақ суретшілерінің туындылары жоқтың қасы еді. Ақыры қазақ суретшілерінің сурет топтамасын ұйымдастыруды мақсат тұтып, шығысты шыр айналып, қылқалам шеберлерінің туындыларын музей қорына кіргіздім. Сол кезде шығыстың әр бұрышында небір талант иелері қолдау көрмей, тұншығып жатқанын көрдім. Қазір де мемлекет суретшілерге дұрыс қолдау көрсетпей жатыр. Соның салдарынан біздің суретшілер шетел асып кетіп жатады. Ал елде қалған қылқалам шеберлері қосымша жұмыс істейді. Толықтай шығармашылықпен айналысуға мүмкіндік жоқ, - дейді Құдаш Нұрсадықов. - Бейнелеу өнері қазаққа бүгін ғана келген жоқ. Қазақ атам заманнан бері суретші, мүсінші, ұста болған. Ұлттық ою-өрнектің өзі бейнелеу өнерінің өркендеп, дамыған шағынан сыр шертпей ме. Ертеде ұзатылған қыз өзінің назын ою арқылы анасына жеткізген деседі. Ал жер қойнауынан табылған неше түрлі жәдігерлер біздің бабаларымыздың бұл өнермен неше ғасыр бұрын айналысқанының дәлелі болса керек.

Ойдың жаңғыруы



Құдаш Нұрсадық бастаған аға буын өкілдері шығыстағы суретшілердің басын біріктіріп, жастарды қолдау мақсатында "Жаңғыру" бірлестігін ашты.
- Биыл шығыс өңіріндегі жас суретшілердің басын қосып, "Жаңғыру" бірлестігін аштық. Жаңғыру - бұл ойдың, сананың жаңғыруы. Біздің мақсатымыз - қазақ жастарын сурет өнеріне баулу. Олардың шығармашылығын қолдау. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара отырып, бірге даму. Тәжірибе алмасуды мақсат тұттық. Көп жағдайда ауылдағы жастар тасада қалып жатады. Біз оларды насихаттауы-мыз керек. Өңірде таланттылар көп, - дейді кейіпкеріміз. - Биыл ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай, Шығыс Қазақстан өнер музейінде "Жаңғыру" бірлестігінің жас суретшілерімен бірге алғашқы көрмемізді өткіздік. Осы орайда Өнер музейінің басшылығына және қызмет-керлеріне алғысымыз шексіз. Үнемі қолдау көрсетіп келеді.
"Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер" дегендей, суретшінің отбасы мүшелері де сурет өнерінен алыс емес.
- Дастан, Есбол, Нұрбол есімді үш ұлым бар. Дастан мен Есбол екеуі сурет өнеріне бейім болып өсті. Тіпті, көптеген байқауларға қатысып, жеңіпаз атанды. Ата-ана үшін бұдан асқан қуаныш бар ма? Жолдасым бастауыш сынып мұғалімі болса да суретке жаны жақын, - дейді бейнелеу өнерінің шебері Құдаш Нұрсадықов.
Следующая →