Усть-Каменогорск
пасмурно
-4°
  • Усть-Каменогорск
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Нур-Султан (Астана)
    -7°
  • Актобе
    -3°
  • Форт-Шевченко
    +10°
  • Атырау
    +5°
  • Караганда
    -8°
  • Кокшетау
    -5°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Уральск
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Тұғыл ауылының тұрғындары ауыз суға әлі жарымай отыр

Бүгінде «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында елді мекендер таза ауызсумен қамтамасыз етіліп жатқаны белгілі. Бірақ кей өңірлерде ауызсу тартылса да тұрғындар әлі суға жарымай отыр. Бұл сапасыз жұмыстың салдарынан болса керек

Мәселен, дәл осындай жағдай Тарбағатай ауданы Тұғыл ауылында орын алып отыр. 2018 жылы «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша су құбырының құрылысы басталғанда ауыл тұрғындарының қуанышы қойнына сыймай, құрылыс жұмыстарының аяқталуын тағатсыздана күткен. Өйткені тұғылдықтар көшенің басында тұрған құдықтан су тасып шаршаған. Бір жылдан кейін жобаға сай құрылыс жұмыстары аяқталып, әр үйге орталықтандырылған су жүйесі тартылған. Бірақ құбыр арқылы үйге келіп тұрған судың қызығын тұрғындар 3-4 ай ғана көрген. Қыста мол болып ағып тұрған су қазір тоқтап қалған. 
- 2019 жылдың соңына қарай ауылға су тартылғанда қатты қуанған едік. Өкінішке орай, қуанышымыз ұзаққа созылмады. 5 мың тұрғыны бар ауылда ауызсу мәселесі мүшкіл. Өзім көпбалалы анамын. Тұрғындардың көбі зейнеткерлер. Жастар қалаға жұмысқа кеткендіктен құдықтан су тасып ішу оларға қиынға соғуда. Ауызсуды үйіміздің ішіне дейін кіргізсек те, одан еш пайда жоқ. Себебі су дұрыс келмейді. Ауылдың төменгі жағына ғана жетеді де жоғары жағына жетпей қалады. Мердігер компанияның басшысына хабарласқан едік, «мен не істеймін?» деп ол да нақты ештеңе айтпай отыр. Әкімдікке хабарлассақ, олар да «шарасызбыз» дейді. Сонда біз судың өзі ағып келуін күтіп отыра беруіміз керек пе? - дейді ашынған ауыл тұрғыны Нәзипа Кешубаева.
Айта кетейік, қазір аталған ауылда әкім де жоқ екен. Тұрғындардың сөзіне сүйенсек, ауыл әкімінің жұмыстан шығып кеткеніне біраз болыпты. 
- Мәселемізді тыңдайтын ауылда әкім де жоқ. Әкімдіктегілерге бірнеше рет айттық. Бірақ шағымдансаң, бірнеше күн ғана су жақсы келеді. Одан кейін қайта тоқтап қалады. Қазір бүкіл ауыл тұрғындары бірігіп, жер құдықтан су тасып ішіп отыр. Ыстық күннің астында сағаттап кезекте тұрамыз. Кейде құдық суы таусылып қалады. Тіпті, ол жерде карантин талабы мен тәртібі мүлдем сақталмайды. Ауру жұқтырып алмасымызға кім кепіл? Алда қыс келе жатыр. Қыста да осылай су тасып ішеміз бе? Жұмысты неге сапалы істемейді? Зардабын тұрғындар көріп отыр. Басшылық біздің бұл мәселемізді тез арада шешіп берсе дейміз, - дейді Нәзипа Кешубаева.
Мәселені байыбына бару үшін аудан әкімдігіне хабарласқан едік. Бір қызығы, жауапты мекеме басшысының орынбасары «тұрғындар суды дұрыс мақсатта пайдаланбай отыр» дегенді алға тартады. 
- Тұғыл ауылындағы су құбыры желілерін қайта жаңғырту бойынша жұмыстарды «ПМК құрлысы» ЖШС-ы жүргізді. Нысан 2018 жылдың 21 желтоқсан айында қабылданды. Қазір ауылда 1090 ошақ бар. 841 үйге құбыр суы кіргізілген. Су толыққанды ауылға жету үшін скважина жеткілікті. Тұрғындар суды ауызсу ретінде емес, шаруашылық бағытында пайдаланғандықтан су жеткіліксіз болып отыр. Сондықтан насостық станциядағы өрт сөндіру насосын қосымша қостық. Насос қосылғаннан кейін су жеткілікті беріле бастады, - дейді аудандық сәулет, қала құрлысы және құрылыс бөлімінің басшысы Серік Сабырбаев.
Оның айтуынша, өрт сөндіру насосын қосқан кезде резервуардан су қашып, жарық пайда болыпты. Қазір мердігер компания қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатқан көрінеді. 
- Аталған ауылда ескі трассалар да жұмыс істеп тұр. Жаңа трассалар толық қосылған жағдайда, ескі трассаларды өшіріп, су толыққанды берілетін болады, - дейді Серік Сабырбаев.
Ал тұрғындар болса, жауапты мекеменің басшылығының сөзімен мүлдем келіспейтіндіктерін жеткізді. 
- Жауапты мекеменің бізге таққан кінәсімен мүлдем келіспейміз. Ауыз суға зар болып отырғанда бақша суарар жәйіміз жоқ. Сапасыз жұмыстың нәтижесіне халықтың қандай кінәсі бар? Көлдің іргесінде отырып, не ағынсу, не ауызсу жоқ. Жөндеу жұмыстарын да әлі бастамады. Бақша суарып отырсақ, өсіріп отырған гүлдеріміз неге қурап қалды? - дейді ауыл тұрғыны.

Следующая →