Оқу орындарында жөндеу жұмыстары жүргізілуде
Биыл облысымызда "Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020" бағдарламасы аясында көптеген білім ошақтары күрделі жөндеуден өткізілуде. Солардың бірі – Өскемен қаласындағы Ахмет Байтұрсынов атындағы № 20 орта мектебі
Мектептің салынғанына 60 жылға жуық уақыт өткен. Бүгінде ескі ғимараттың келбеті өзгеріп, ажары ашылып келе жатқандай.
Әлеуметтік маңызы бар нысанның әрін кіргізуге 26 млн теңге қаражат жұмсалған. Жобалық сыйымдылығы 458 оқушыға арналған білім беру мекемесінен биылғы оқу жылында барлығы 934 оқушы түлеп ұшқан.
Следующая →
- Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша төтенше жағдай кезінде тұрғындарды жұмыспен қамтудың жаңа "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасына байланысты мектептегі жұмыс қарқынды жүріп жатыр, - дейді мектеп директоры Базарбек Садықов. - Бүгінде 250 метрлік жылу жүйесі алмастырылды, 85 терезе, 42 есік жаңадан қойылды. Қазір әрлеу сынды жөндеу жұмыстары жасалуда. Әктеп-сырлап бітіргеннен кейін мектеп оқушыларды қабылдауға дайын болады. Жөндеу жұмыстарына куә болған ата-аналардың қуаныштарында шек жоқ.
Әлеуметтік маңызы бар нысанның әрін кіргізуге 26 млн теңге қаражат жұмсалған. Жобалық сыйымдылығы 458 оқушыға арналған білім беру мекемесінен биылғы оқу жылында барлығы 934 оқушы түлеп ұшқан.