Абай ауданында су құбырлары жаңартылуда
Биыл Абай ауданында көптің көңілінде жүрген мәселелер оң шешім тапты. Нақты айтсақ, аталған ауданға қарасты екі ауылдың су құбырлары жаңартылуда
Бұл туралы аудан әкімдігінің әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланған.
Следующая →
- "Жұмыспен қамту жол картасы - 2020" бағдарламасы аясында аудан бойынша 29 жоба қолға алынды. Соның ішіндегі маңызды жобалар - Архат пен Қасқабұлақ ауылдарындағы су құбырларының ескіруіне байланысты жаңарту жұмыстар жүргізілуде. Архат ауылының 1,3 шақырым, Қасқабұлақ ауылының 5,6 шақырым жеріндегі құбырларды жаңартамыз, - деп жазды аудан әкімдігінің әлеуметтік парақшасында.Жүргізіліп жатқан жұмыс сапасына жергілікті тұрғындар дән риза.
- Ауданымыз күн сайын көркейіп, гүлденіп келеді. Туған жер төсінде осындай игі істер мен құрылыстар оң нәтижесін бере берсін, - дейді тұрғындардың бірі Жадыра Есенбаева.
Темы:
Абай ауданы