Усть-Каменогорск
ясно
+12°
  • Усть-Каменогорск
    +12°
  • Алматы
    +11°
  • Нур-Султан (Астана)
    +16°
  • Актобе
    +21°
  • Форт-Шевченко
    +22°
  • Атырау
    +19°
  • Караганда
    +13°
  • Кокшетау
    +18°
  • Костанай
    +23°
  • Кызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +12°
  • Уральск
    +19°
  • Шымкент
    +14°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Абай ауданында "Уақыт символы" аллеясы ашылды

Абай ауданының орталығы Қарауыл ауылында "Жеңіс алаңы" және "Уақыт символы" аллеясы ашылды

Негізінде бұл аллея Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерекесі аясында ашылуы керек болыпты. Бірақ елімізде орын алған пандемияға байланысты шараны кейінге қалдыруға мәжбүр болған. 
- Елордасы Нұр-Сұлтан қаласы күні қарсаңында "Жеңіс алаңы" және "Уақыт символы" аллеясының ашылу салатанатын өткіздік, - деп жазды Абай ауданының әкімі Жарқынбек Борашұлы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында. - "Жеңіс алаңы" осыдан 30 жыл бұрын жасалынған. Қазіргі жөндеуден кейін "Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды" тақтасында 558 боздақтың аты жазылған болса, қазіргі уақытта бүкіл ауданның соғыстан қайтпаған боздақтарының, яғни, 1528 ардагердің есімі жазылды. Саябақ ішіне Абай ауданынан шыққан 4 батырымызға ескерткіш-бюст қойылды. Ашылу салтанатының лентасын "Қарты бар үйдің - қазынасы бар " дегендей, тыл ардагерлері, ардақты аналарымыз қиды.
Мерекелік шара аудандық ғимараттың қасында ашлыған "Уақыт символы" аллеясының ашылу салтанатымен жалғасын тапты. Стелла ауданның көрікті жерлері бейнеленген "Абай елі - руханият меккесі" және "Ғасыр тұлғалары" тақталарымен әдемі үйлесім тапқан.
Следующая →