Еңбек адамдарына төсбелгі тағылды
Зайсан ауданын абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарына айырықша үлес қосқан азаматтарға аудан әкімінің "Өнегелі жол" төсбелгісі табысталды
Ауданның сәнін де, мәнін де келтірген мүсіншілер мен еңбек адамдары екенін ескерген аудан әкімі оларға өз алғысын білдірді.
Атап айтар болсақ, Амангелдідегі, Сарытеректегі және Ю. Гагарин атындағы орта мектептерінің шаруашылық меңгерушілері А. Мадиева, Ш. Байғазин, Н. Мамыраев және Зайсан қаласындағы түрлі ескерткіштер мен мүсіндерді жасап, қаланы абаттандыруға сүбелі үлес қосып келе жатқан Құралай Рахымбаева әкімнің назарына іліккен.
Құралай домбыра шерткен қарт, асау үйреткен бала, желтоқсанның батыр қызы Сәбира Мұхамеджанованың мүсінін жасап, жерлестеріне тарту етіпті. Қазір осы мүсіндер қаланың көркін кіргізіп тұр.
Следующая →

- Бала күнімнен өнерге ғашық болдым. Сурет салатын едім. Мүсін жасап емтиханнан бес алғаным да есімде. Біздің ауылда бір бүркіттің мүсіні тұратын еді. Соған қызыға қарап жүретінмін. Алғаш рет сол бүркітті плас-тилиннен жасап, тұғырға қондырдым. Сәтті шықты. Емтиханға апарып бес алдым. Содан бастап мүсін жасауға қызығушылығым арта түсті, - дейді Құралай Рахымбаева.Мүсіншінің бұл сала бойынша арнайы алған білімі де бар. 1988 жылы Алматыдағы көркем сурет колледжіне оқуға түсіп, скульптура бөлімін бітірген. Алғашқы жұмысын Тарбағатай ауданына қарасты Ахметбұлақ ауылында сурет пәнінің мұғалімі болып бастаған. Кейін Зайсан ауданындағы №2017әскери бөлімінде мүсінші болып жұмыс істеді.
- Жеке шеберханам жоқ. Қыста үйде, жазда далада күннің астында жұмыс істеуге тура келеді. Кейбір үлкен мүсіндерді қыста да далада жасауға мәжбүрмін. Менің бала күнгі арманым қыш құмыраларын жасау еді. Материалдарды қай жерден қалай алу керектігін білмеймін. Жалғызбасты ана болғандықтан бәрі қолдан келе бермейді. Қашанғы біреуден көмек сұрайсың. Десе де қолдан келгенін жасап, өнерімді өлтірмеуге тырысып келемін, - деген еді өзімен сұхбаттасқанда мүсінші Құралай Рахымбаева.