Усть-Каменогорск
ясно
+20°
  • Усть-Каменогорск
    +20°
  • Алматы
    +19°
  • Нур-Султан (Астана)
    +23°
  • Актобе
    +19°
  • Форт-Шевченко
    +17°
  • Атырау
    +17°
  • Караганда
    +19°
  • Кокшетау
    +22°
  • Костанай
    +20°
  • Кызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +19°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +20°
  • Уральск
    +15°
  • Шымкент
    +21°
$
443.44
480.51
¥
61.36
4.88
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Тендер дауы: Кәсіпкерлер шағымы бойынша комиссияның үшінші отырысы өтті

Бұған дейін ШҚО-дағы екі кәсіпкер - Александр Федосов пен Болат Бағадаев аймақтағы мемлекеттік сатып алу байқауларының әділетсіз өтетінін айтқан

3 маусымда өткен алғашқы отырыста екеуінің шағымдары жалпақ жұртқа жетіп, комиссия мүшелері тарапынан қарастырылған болатын. Ал 5 маусымда өткен екінші отырыста мемлекеттік орган өкілдері өздеріне тағылған айыпқа жауаптарын берген еді.

Үшінші отырыста "Топаз" ЖШС иесі Болат Бағадаевтың шағымы қарастырылды.

- Арнайы конкурс тәртібінің 39-шы тармағы бойынша, мемлекеттік сатып алуларға қатысуға өтінішті қабылдау және қабылдамау туралы шешім әлеуетті жеткізушінің орналасқан аумағы мен атқарылған жұмыс орнымен сәйкес болуына байланысты  қабылданады. Қызметті жеткізуші атқарылатын жұмыс орны бойынша тіркелуі  тиіс немесе сол жерде табиғи қорлары болуы керек. Конкурстық комиссияға  мұндай құқық карантин кезінде қалалар мен аудандар арасында қозғалысты  шектеу мақсатында берілді. "Топаз" ЖШС-ның конкурсқа қатысуға берген өтініші  қабылданбады, себебі атқарылатын жұмыс орны техникалық ерекшеліктеріне  байланысты облыс аудандарында болатын. Ал "Топаз" ЖШС Өскемен қаласында  тіркелген, - деді Мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік  асқармасының басшысы Руфат Акрамов.
 
"Топаз" ЖШС шағымына орай облыстық ішкі мемлекеттік аудит департаменті аудиторлық тексеріс жүргізіпті. Департамент басшысы Серік Мамаев "Топаз" және "Триас ЛДК" ЖШС-ның конкурстық өтінімдерінің қабылданбау себебін қатысушыларға тең мүмкіндік берілмегендігімен салыстырып отыр. Айтуынша, мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасының әрекеті заңсыз болған.

Бірақ мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасының басшысы басқарма тарапынан ешқандай заңсыз әрекет жасалмағанын айтып, аудиторлық тексерудің нәтижесін  жоққа шығарып отыр. Руфат Акрамов тендерлердің заң аясында өткенін сот арқылы дәлелдемек.
Следующая →