Усть-Каменогорск
пасмурно
-10°
  • Усть-Каменогорск
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Нур-Султан (Астана)
    -6°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +10°
  • Атырау
    +3°
  • Караганда
    -8°
  • Кокшетау
    -6°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Уральск
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Өнер ошағында онлайн көрмелер ұйымдастырлуда

Елдегі төтенше жағдай кезінде Шығыс Қазақстан өнер музейі жұмысын тоқтатпай онлайн режимде жұмыс істеп жатыр. Күн сайын әлеуметтік желі арқылы көрермендеріне арнап түрлі тақырыпта бейне экскурсиялар ұйымдастырды

Тұрғындар онлайн түрде музей қорындағы туындылармен жақын танысып, сурет әлемін тамашалауда. 

Осы орайда өнер ошағындағы көрмелер тізбегіне қысқаша тоқтала кеткенді жөн көрдік.  Музейдің ақ залында жүрек  түкпіріндегі  сырын  сурет  әлеміне  сыйғызып, сол сурет арқылы өз сезімін  көпшілікке жеткізе білген сыршыл өнер иесі  Мағауия Аманжоловтың туындылары қасқайып тұр. Әр туындысы бір әлем, бір шындық. Қазақ даласындағы зұлымдық мейілінше шынай, дәл салынған.
 
Музейге кіріп барсаңыз, әр қабырғада орналасқан "Ауылда", "Сүлейменов  портреті", "Қысқы таң", "Уақыт үстемдігі", "Таң", "Дипломдық жұмыс", "Ақтабан шұбырынды" және "Қасірет" сынды тарихи туындылар көзге оттай басылады. 

Суретшінің "Сүлейменов  портреті" картинасы Семейдігі жойқын жарылысты бейнелесе, "Уақыт үстемдігі" туындысында суретші  өзінің  арман-қиялымен  қатар  шынайы  өмірдің  өткінші  сәтін қатар суреттеген. 

Үлкен және кіші залда Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай ашылған  "Жаңғыру" шығармашылық бірлестігінің "Көзімнің қарасы" атты көрмесі тұр. 

Айта кетейік, "Жаңғыру" шығармашылық бірлестігі 2019 жылдың желтоқсан айынан өз жұмысын бастаған болатын. Бірлестік мүшелері көрмеге 30-дан астам туындыларын қойып отыр. 

Көрмеде Қазақстан суретшілер одағының мүшесі Құдаш Нұрсадықовтың "Биіктен қарап тұрар бізге Абай", Тұрғанбаев  Ержанның "Абай. Шыңғыстау. Бәйшешек",  Гүлнар Мигражқызының нәзік түстермен бейнелеген "Жас Абай мен Тоғжан", "Ісмерлер. Қараласырмақ", өңірімізге танымал жас таланттар тарбағатайлық Еркебұлан Жакишевтың "Қодардың өлімі", "Қара көз", "Домбыраға қол соқпа", "Киелі ағаш" сынды шығармалары Абай заманын, шығармашылығын ерекше бейнелеген. Сонымен бірге, көрмеде  Мәди Қайырхановтың "Қансонарда бүркітші шығады аңға", "Абай", Қуаныш Әділбековтің "Қараша, желтоқсанмен сол бір екі ай" сынды еңбектері орын тепкен.

Музейдің бағаналы залында өскемендік суретші, сәулетші Василий Билковтың "Қызыл шаршы" көрмесі ашылған. Суретші 2005-2020 жылдар аралығында 42 картинаға тіл бітірген. Автордың бұл кенепке майлы бояу арқылы салынған туындылары мен ерекше стильдегі символикалық образдары - автордың жеке өмірін, заманауи оқиғаларды, Қазақстанның және әлемнің басқа халықтарының дәстүрлі мәдениетін көрсетеді.  Билковтың картиналарында сары және қызыл түстер тек эмоционалды ғана емес, сонымен бірге семантикалық, вербальды деңгейде ойнаған. Өнер иесінің еркін ойы "Алқызыл желкендер", "Жаңа энергияны" және "Дала" картиналарында жақсы бейнеленген. 
Следующая →