Усть-Каменогорск
ясно
-11°
  • Усть-Каменогорск
    -11°
  • Алматы
    +5°
  • Нур-Султан (Астана)
    -10°
  • Актобе
    -5°
  • Форт-Шевченко
    +9°
  • Атырау
    +3°
  • Караганда
    -8°
  • Кокшетау
    -13°
  • Костанай
    -12°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -13°
  • Тараз
    +7°
  • Уральск
    -6°
  • Шымкент
    +8°
$
499.51
+0.96
525.83
+1.55
¥
68.9
+0.14
4.62
-0.13
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Ақжар халық театрына Шоқанның аты берілді

Театр тарих пен тағдырдың түйінін тарқатып, оны көпшілік көрерменге көрсетер киелі төр

Сондай-ақ, "театр – адамның өзін-өзі сахнадан көріп, өзін-өзі түсінетін орын", – депті Шәкен Айманов. Киелі сахна төрінен өз болмысын көріп, өмір жолын тапқандардың бірі – Шоқан Мұхамадиев.

Жуықта Ақжар халық театрына өзі тер төгіп, еңбек еткен, сахнасының сәні мен әніне айналып, өнердің мазмұны мен мәнін түсінген, "Еңбектегі ерлігі үшін" және "Қазақ ССР-не 50 жыл" мерекелік медальдарының иегері Шоқан Мұхамадиевтің есімі берілді.

– Бірнеше аспаптарда еркін ойнап, әсіресе мандалин аспабын жанынан тастамайтын Шоқан Кемелбекұлы сахнада сатиралық, әжуаға толы әзілдерді шебер орындап, көрермендеріне риясыз күлкі, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын. Актерлық өнер асқан ұқыптылықты, үлкен жауапкершілікті, артистік дарындылықты, терең толғану мен ойлануды талап ететін зейнеті мен бейнеті қатар жүретін сала болса, Шоқан аға сол кәсіптің шын мәніндегі майталманы еді, – дейді Үмітгүл Баянбаева.

Театр есімін еншілеген Шоқан Кемелбекұлы 1960 жылы автоклуб меңгерушісі болып жұмыс бастаған. Ол 1960-1970-жылдары Ақжар халық театрына режиссер болып тағайындалады. Сол кезде Тарбағатайдың көптеген өнерлі жастарын топтастырып, Ақжар халық театрының жемісті қызмет атқаруына, атақ-абыройын ауданда, облыста, республикада сақтап қалуына лайықты үлес қосқан. Шоқан Кемелбекұлы өнер тізгіні қолға тиген сол тұста О. Бодықовтың "Қанжар мен домбыра", С. Шаймардановтың "Дөкей келе жатыр", Б. Соқпақбаевтың "Менің атым - Қожа", О. Бодықовтың "Қарақұм трагедиясы", М. Кәрімнің "Ай тұтылған түн" трагедиясын, "Адасқан қаз", У. Нұрқасымовтың "Атамекен" драмасын, "Кестелі орамал" драмаларын сәтті сахналаған. Сонымен қатар, 1975-1980 жылдары халық театрының режиссері болып қызмет етіп, артына рухани және мәдени мол мұра қалдырған.

Өзінің жүріп өткен жолына өз есімін жазып кету өнердегінің бәріне бұйыра бермес бақ, зор құрмет. Елі еңбегін елеп, өнерін бағалап жатса, алған атағына, атқарған ісінің лайық екендігін білдірсе керек-ті.

Следующая →