Усть-Каменогорск
ясно
-11°
  • Усть-Каменогорск
    -11°
  • Алматы
    +5°
  • Нур-Султан (Астана)
    -10°
  • Актобе
    -5°
  • Форт-Шевченко
    +9°
  • Атырау
    +3°
  • Караганда
    -8°
  • Кокшетау
    -13°
  • Костанай
    -12°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -13°
  • Тараз
    +7°
  • Уральск
    -6°
  • Шымкент
    +8°
$
499.51
+0.96
525.83
+1.55
¥
68.9
+0.14
4.62
-0.13
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Балалар қашықтан қалай оқиды?

6 сәуірден бастан облыстағы барлық мектеп оқушылары қазіргі таңда колледж студенттері  білім алып жатқандай қашықтан оқи бастайды

Қашықтан білім беруге көшу – коронавирустық инфекцияның таралуын азайтуға бағытталған шаралардың бірі. 4-ші тоқсанның басталуына санаулы күндер қалды, оқу процесі тоқтамауы қажет. Бүкіл әлем бойынша 870 миллионнан астам оқушы осындай форматта білім алуда. Еліміздің Білім және ғылым министрлігі өзге елдердегі тәжірибені зерделей келе бізде де уақытша қашықтан оқыту жүйесін енгізбек.

Ол үшін елдегі оқушылардың онлайн оқуға мүмкіндігі бар-жоғы талданып, сараптама жасалған. Онлайн білім алуға қажетті компьютері, ғаламторға қосылу мүмкіндігі жоқ балаларға барлық жағдай жасалмақ. Облыстық Білім басқармасының басшысы Сайрангүл Жұмаділованың айтуынша, облыста компьютері жоқ 10 мыңға жуық бала бар.

- Бұл сан да азаюы мүмкін. Өйткені баласының онлайн оқуына жағдай жасау мақсатында қажетті техниканы ата-аналар сатып ала бастаған. Ал жағдайы жоқ отбасыларға, мұғалімдерге мектептегі ноутбуктер мен компьютерлерді уақытша пайдалануға бере тұру жағы қарастырылуда. Облыстағы мектептерде барлығы 30 мың ноутбук пен компьютер бар, - деді Сайрангүл Ахметкәрімқызы.

Ал облыстағы интернеті жоқ 220 елді мекендегі балалар сабақты теледидардан оқиды. Сабақтар "Ел арна" арқылы орыс тілінде, "Балапан" арнасы арқылы қазақ тілінде жүргізіледі. Онда тек 10 минуттың ішінде жаңа тақырып түсіндіріледі.

- Облыста "Ел арна" және "Балапан" арналары көрсетпейтін 75 елді мекен бар. Бірақ ол елді мекендерде "Отау ТВ" жерсеріктік телевизиясы бар, - деді Білім басқармасының басшысы.

Облыстық Ішкі саясат басқармасы ұсынған ақпараттарға сүйенсек, 5 651 отбасының ғаламторы жоқ. Бұл отбасылар үшін уақытша қолдануға роутерлер берілмек.

Осы орайда айта кетейік, мектептердің қашықтықтан оқытуға көшулеріне байланысты 2 сәуір күні онлайн форматта ата-аналар жиналысы өтеді. Ата-аналар жиналысы республика аумағында өткізілмек. Сынып жетекшілері онлайн жиналыста ата-аналарға қашықтықтан оқыту процессінің қалай ұйымдастырылатынын, және ата-аналар тарапынан қандай көмек қажет болатынын түсіндіреді. Жиналыс сағат 14.00-де өтеді деп жоспарланған.

Следующая →