Усть-Каменогорск
ясно
-21°
  • Усть-Каменогорск
    -21°
  • Алматы
    -7°
  • Нур-Султан (Астана)
    -9°
  • Актобе
    -12°
  • Форт-Шевченко
    +3°
  • Атырау
    -3°
  • Караганда
    -13°
  • Кокшетау
    -12°
  • Костанай
    -7°
  • Кызылорда
    -5°
  • Павлодар
    -19°
  • Петропавловск
    -12°
  • Тараз
    -7°
  • Уральск
    -5°
  • Шымкент
    -4°
$
514.93
-0.96
536.04
-0.28
¥
70.55
-0.15
5.18
+0.01
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

"Әрқайсына 10 кг сиыр еті және 20% жалақы". ШҚО-дағы кәсіпкер қызметкерлеріне көмек көрсетті

Аймақтағы белгілі кәсіпкер Ержан Сқақов қарамағындағы 150-дей қызметкердің әрқайсысына 10 кг сиыр етін үйлестіріп, жалақыларын көтерді.

Бұл жолы кәсіпкер Үржар, Ұлан, Күршім ауданындағы және Өскемен қаласындағы қызметкерін Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамымен құттықтай отырып, барлық қызметшілерге 10 кг сиыр етін тегін үйлестіріп берді. Одан бөлек Дүнижүзілік дағдарыста да жерлестеріне қолдау көрсетіп, айлық жалақысын көтерген. 
- Экономикалық дағдарысқа байланысты тауар бағаларының және тағы басқа қызмет түрлерінің күрт өсуіне орай қызметкерлердің отбасыларының тұрмысы нашарлап кетпесі үшін қолдау көрсете отырып, 2020 жылдың 1 наурызынан бастап айлық жалақы мөлшерін 20 пайызға көтергенім рас және бұл көтермелеу алдағы уақытта да сақталады. Көзге көріну емес, жерлестерімнің қажетін өтеуді мақсат тұттым, оларға қысылтаяң щақта жұмыс тауып беруді, жалақыларын көтеруді азаматтық борышым санаймын, - дейді кәсіпкердің өзі.
Бұл тізімде барлық сауда, жанар-жағар май, құрылыс, жобалау институты, темір-бетон зауыты, ауыл шаруашылығы, өткел, күзет және қосалқы қызметшілер, ұзын саны 150-дей адам қамтылған. 

Кәсіпкер қарамағындағы серіктестерде 200-ге жуық адам табысты еңбек етуде. Олардың орташа айлық табыстары 90-100 мың теңгені құрайды. Серіктестікте Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің талаптары толық сақталады. Еңбек демалысының, уақытша еңбекке жарамсыздық парағының өтемақылары, ынталандыру, көтермелеу сыйлықтары жүйелі түрде төленіп, санитарлық және қауіпсіздік техникасы шаралары жіті назарда ұсталады. 
- Күршімнен тыс жерде жұмыс істегенде жұмысшыларға үш уақыт тамақ пен жатар орын тегін. Ал Күршімде түскі ас тегін беріледі, сондай-ақ, жұмысшылар арнайы киіммен қамтамасыз етіліп отырады. Басшымызға айтар өкпеміз жоқ. Әлдеқандай көмекке зәру адам жәрдем сұрап келсе, бас тартқанын көрген емеспіз, - деп пікір бөлісті қызметкерлердің бірі Талғат Құмарханұлы.
"Өскемен құрылыс" компаниясының директоры,"Құрмет" орденінің иегері, құрметті құрылысшы, Кенді Алтайдың шалғайдағы ауылдарына бірнеше мектеп, әлеуметтік нысандарды көздің жауын алатындай әдемі етіп салып берген кәсіпкер Ержан Сқақовтың өнеге болатын қайырымдылық жұмыстары аз емес. Бұған дейін де Ержан Оқанұлы Күршім ауданынындағы көпбалалы отбасыларға 2 үй, қызметкерлерге ондаған көлік, ауданда мешіт, спорт кешені сынды нысандарды тарту еткен.
Следующая →