Усть-Каменогорск
ясно
+16°
  • Усть-Каменогорск
    +16°
  • Алматы
    +22°
  • Нур-Султан (Астана)
    +20°
  • Актобе
    +19°
  • Форт-Шевченко
    +18°
  • Атырау
    +17°
  • Караганда
    +18°
  • Кокшетау
    +18°
  • Костанай
    +19°
  • Кызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +23°
  • Уральск
    +9°
  • Шымкент
    +28°
$
439.43
473.31
¥
60.98
4.82
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Құнанбай музейі салынбақ

Абай ауданында Құнанбай музейі салынады. Оның құрылысына бөлінетін қаржы туралы облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында айтылды

"Құнанбай қорымы сан жылдар бойы қараусыз қалды, мемлекет қамқорлыққа қашан алады? Құнанбайды кім ұмыт қалдырды?" деген сарындағы ой-пікірлер БАҚ беттерінде айтылмай жүрген жоқ. Оның үстіне Президен Қасым-Жомарт Тоқаев та Семей өңіріне барған сапарында "Ұлы Абайды ұлықтағанда оның әкесі Құнанбайдың ел тарихындағы еңбегін ұмытпауымыз қажет. Ол - Семейде ғана емес, тұтас қазақ тарихында өз орны бар тұлға. Оны халқымыз жақсы біледі, қадір тұтады. Жас ұрпаққа жақсы үлгі-өнеге болатын істі мен әрқашан қолдаймын. Елбасының "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру үшін біз, шын мәнінде, осындай сабақтастық дәстүріне жол ашатын бірегей бастамаларды қолға алуымыз керек" дей келе, облыс әкімдігі алдағы уақытта Құнанбайдың есімін ұлықтауға байланысты тиісті шараларды жүзеге асыруы керектігін айтқан еді.

Осылайша облыс орталығы Өскеменде мәслихаттың кезектен тыс сессиясында Ақшоқыда Құнанбай Өскенбайұлына арналған музей құрылысы жақын арада басталатыны жайлы хабар жеткізді. Музей құрылысына облыстық бюджеттен 276 млн теңге қаражат бөлінбек. Жоба аясында қорымды қоршау, зиярат етушілерге арналған орындықтар орнату, осында жерленген жандардың құлпытастардағы жазуларын қайта жазу секілді жұмыстарды жүзеге асыру көзделген екен.

Одан бөлек Мұхтар Әуезов дүниеге келген Бөрілі ауылының жолын жөндеуге де 48 млн теңге бөлінетіні белгілі болды.

Следующая →