Усть-Каменогорск
пасмурно
+4°
  • Усть-Каменогорск
    +4°
  • Алматы
    +6°
  • Нур-Султан (Астана)
    -3°
  • Актобе
    -3°
  • Форт-Шевченко
    +9°
  • Атырау
    +5°
  • Караганда
    -4°
  • Кокшетау
    -3°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +4°
  • Уральск
    +3°
  • Шымкент
    +7°
$
494.87
-0.33
520.65
-1.69
¥
68.34
4.91
-0.03
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Жаңа салынған баспаналардағы басты мәселелер

Облыс бойынша салынып жатқан үйлердің арасында сапасы сын көтермейтіндері бар. Бірінің төбесінен су ақса, бірінің мүгедектерге арналған баспалдағы жоқ

Кейбір үйлер нақты уақытында аяқталмаған. Бұл тұжырымдар "Nur Otan" партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының Партиялық бақылау комиссиясының отырысында айтылды.

Үйлердің сапасы сын көтермейді

Комиссия мүшелері 2017-2021 жылдарға арналған "Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған үйлердің біразының жағдайын көзбен көріп қайтыпты.

- Қаланың іргесіндегі "Нұрлы көш" ауылымен жапсарласа салынып жатқан 28-тұрғын ауданында болып қайттық. Үйлердің көбінің сырты біткенімен іші бітпеген. Ішкі ремонт жұмыстары да талапқа сай деп айта алмайсың. Үйдің асты цемент. Оның суық әрі денсаулыққа зиян екені белгілі. Жалпы бұл үйлердің қандай мақсатта салынғанын білмедім. Ауласына не мал бағуға, не егін егуге келмейтін сияқты. Жауапты мекемеге олқылықтардың орынын толтыру үшін бір ай уақыт берілді, - дейді комиссия мүшесі Әділ Сайлаубек.

Жиынға комиссия мүшелерінің біразы келмегені айтылды. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы да, орынбасарлары да бас көрсетпеді. Аталған мекеме атынан баяндама қоюға келген бөлім басшысына біраз сұрақ қойылғанымен, мардымды жауап болмады.

- Аталмыш бағдарлама жемісін беріп келеді. Бұл сөзімізге аудандардағы құрылыс қарқыны дәлел. Алға қойылған мақсатты сөзбен айту бар да, іс жүзінде көрстеу бар. Сол себепті күні кеше Жармаға барып, аудандық филиалдың партиялық бақылау комиссиясына жүктелген міндеттердің атқарылып жатқанына көз жеткізіп келдік. Алдағы уақытта осындай жұмыстар легі жалғаса береді, - дейді Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Мұхтар Төлеген.

Комиссия төрағасы келесі жиында комиссия мүшелері мен жауапты адамдарға жинақылық таныту керектігін ескертті.

Үйлер уақытында берілмей жатыр

Өскемен қаласы, әл-Фараби даңғылы 42/2 мекенжайы бойынша көпқабатты үйлердің иелері үйлеріне кіре алмай, мердігер компания мен құрылыс бөліміне шағымданған.

Белгілі болғанындай, объектіні өткізу мерзімі өтіп кеткен. Осы мәселе бойын-
ша Nur Otan партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының партиялық бақылау комиссиясы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңесі Өскемен қаласының құрылыс бөлімімен бірлесе отырып, Өскемен қаласы, әл-Фараби даңғылы 42/2 мекенжайы бойынша көпқабатты үйлер тұрғындарының өтініштеріне жауап берді.

- Аталған үй тұрғындары: У. Мұсаев, Д. Кенеспаева, Ж. Заманбекова және "Thomas gruop" мердігерлік құрылыс компаниясының өкілі П. Дамушниковпен кездесіп, мәселенің түпкілікті мән-жайын анықтадық. Расымен нысанды өткізу мерзімі өтіп кеткен. Сондай-ақ, пәтерді тексеру кезінде ақауларды тез арада жою бойынша тапсырмалар берілді. Мердігер барлық кемшіліктерді 2020 жылдың 10 наурызына дейін жоюға міндеттелді, - деп хабарлайды Nur Otan партиясының баспсөз хатшысы Тәттімбек Асхан.

Көрсетілген мерзімде партиялық бақылау комиссиясы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпы кеңес Өскемен қаласының құрылыс бөлімімен бірге осы нысанды қайтадан тексеруге келеді. Партия өкілдерінің айтуынша, олқылықтар жойылмаған жағдайда жауапты тұлғалар тиісті жауапкершілікке тартылатын болады.
Следующая →