Усть-Каменогорск
пасмурно
+6°
  • Усть-Каменогорск
    +6°
  • Алматы
    +15°
  • Нур-Султан (Астана)
    +10°
  • Актобе
    +17°
  • Форт-Шевченко
    +20°
  • Атырау
    +17°
  • Караганда
    +7°
  • Кокшетау
    +11°
  • Костанай
    +13°
  • Кызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +9°
  • Тараз
    +16°
  • Уральск
    +13°
  • Шымкент
    +19°
$
442.05
474.14
¥
61.07
4.74
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Сөредегі сусындар талапқа сай келмеген

Аймақтың санитар мамандары сауда орындарындағы тұтынатын өнімдердің қауіпсізідігі мен сапасын анықтау мақсатында мониторинг жүргізіп, айыппұл салған

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұстанымдарына сәйкес инфекциялық емес ауруларға қарсы күресте жүрек-қан тамыры және жүйке жүйесі, асқазан-ішек жолы ауруларын азайту жолдарының бірі - энергетикалық сусындарды тұтынуды шектеу.

Осыған байланысты, ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2013 жылғы 19 тамыздағы № 12 Қаулысымен арнайы орта және жоғары оқу орындарында, денсаулық сақтау ұйымдарында, жасөспірімдер, жастардың қатысуымен болатын мәдени көпшілік шаралар өтетін орындарда энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салынған.

Өткен жылы облысымыздағы сауда орындарындағы тұтынатын өнімдердің қауіпсізідігі мен сапасын анықтау мақсатында жүргізілген мониторинг бойынша алкогольсіз сусындардың 182 сынамасы зерттелді.

- Бұл жерде алынған сынамалардың 79 - отандық өндіріс, 81 - Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭҚ) мүше мемлекеттердің өндірісі және қалған 22 - өзге елдердің өнімдері екенін айта кету керек. Зерттеуге алынған сынамалардың 24-і талаптарға сәйкес келмейді, оның ішінде 21-і заттаңбасы бойынша сәйкессіз таңбаланған, 3 - жарамдылық мерзімі өтіп кеткен анықталып, 12,5 л алкогольсіз өнім саудадан алынды. 82 сынаманың 78-і энергетикалық сусындар, - дейді Шығыс Қазақстан облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Сараптама нәтижесі бойынша газдалған сусындарда қауіпті химиялық заттар анықталмаған. Тек 2 үлгі заттаңбаға сәйкес келмейтіні анықталды.

- Нәтижесінде сауда субъектілеріне ескертпелерді жою туралы 12 ұйғарым беріліп, қауіпсіз емес өнімдерді сатқаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексінің 425-бабының 1-тармағы бойынша 113 625 теңге сомаға 4 әкімшілік айыппұл салынды, - деп хабарлайды департаменттің баспасөз хатшысы Бағлан Тауанова.

Сондай-ақ, шырын өнімдерінің де қауіпсіздігіне санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізіліп, 143 сынама зерттелді. 9 үлгі талапқа сай келмеді. 7 сынаманың заттаңбасы сәйкессіз таңбаланған, 1 сынаманың жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, 1 сынама физикалық-химиялық көрсеткіштер бойынша талапқа сай емес.

97 литр шырын өнімдері қауіпсіз емес деп танылып, дүкен сөрелерінен алынып тасталды.

Кәсіпкерлік субъектілерге Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасының талаптарындағы бұзушылықтарды жою бойынша 4 ұйғарым берілді.

Айта кетейік, 2019 жылдың мониторинг қорытындысы бойынша 109,5 литр талапқа сәйкес келмейтін сусын өнімдері саудадан алынды.


Следующая →