ШҚО Драма театрын "Елестер" кезеді
Елестер… Ұшып жүрген жандар... Жарық... Әуен... Түтін... Жауынгер... Пілдің басы...
Шығыс Қазақстан облыстық драма театрындағы Жастар театры ақпан айының 22 күні 17:00-де атақты итальяндық комедияшы Эдуардо Де Филиппоның «Призраки» комедиясының негізінде «Елестер» драмасының премьерасын өткізеді.
Спектакльдің қоюшы режиссері Тәжікстанның еңбек сіңірген әртісі, көптеген халықаралық театр фестивальдерінің жеңімпазы, Кирил Лавров атындағы сыйлықтың лауреаты, режиссер Барзу Абдураззаков.
Жас жұбайына қатты ғашық, ашулануды білмейтін, романтик Паскуале Лойяконо зәулім сарайдағы он сегіз бөлмелі пәтерді «өзінің мықты жоспары» бойынша бес жылға тегін алады. Ақысына бағзы заманнан келе жатқан елестер жайлы аңызды жоққа шығаруы тиіс. Адамдардың айтуынша, бұл сарайда қатаң жазаға кесілген қос ғашықтың жандары қалған. Жаңа қонысқа келген жұбайлардың арасына елестер араласқанда қарым-қатынас қалай өзгеретінін тамашалайсыздар.
Атақты итальяндық комедияшы Эдуардо Де Филиппоның әйгілі пьесасының кейіпкерлері тек жақындарына ғана емес, өздеріне де жаңа көзқараспен қарауға мәжбүр болады. Қойылымды тамашалай отырып елестер мен адамдар арасында қандай айырмашылық қалғанын сана сарабына салып көріңіз.
Байланыс телефондары: 8 702 723 27 88, 8 777 858 18 78
Уақыты: 17.00 сағат
Өтетін орны: Шығыс Қазақстан облыстық драма театры,Қ. Сәтпаев даңғылы 55.
Билеттерді театр кассасынан немесе ТИКИТОН арқылы онлайн сатып ала аласыз.
Следующая →