ШҚО-да ЕАЭО көліктеріне арналған алғашқы сары нөмір табысталды
Бүгін Семей қаласындағы мамандандырылған ХҚО – да Шығыс Қазақстан облысы бойынша алғаш рет Ресейден Қазақстанға әкелінген көлік тіркелді
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы ШҚО бойынша филиалының баспасөз қызметі хабарлауы бойынша көлігін тіркеген Семей қаласының тұрғыны Сайрамгүл Карабиева. ОЛ 2018 жылғы Lada Vesta маркалы автокөлігін тіркеген.
Следующая →
- Өз машинамды уақытша есепке алуды шештім. Барлық қажетті құжаттарды тапсырып, жарты сағат ішінде 18 өңірмен сары нөмір алдым, - деді Сайрамгүл Карабиева.Естеріңізге сала кетейік, 1 ақпаннан бастап Қазақстанға ЕАЭО елдерінен әкелінген көліктерді уақытша тіркеу басталған болатын. Ақпан айында елдегі барлық мамандандырылған ХҚО – лар демалыссыз жұмыс істейді. Жексенбі күні тек көлікті уақытша тіркеуді рәсімдеу қызметін ғана көрсететін болады.