Усть-Каменогорск
пасмурно
-33°
  • Усть-Каменогорск
    -33°
  • Семей
    -25°
  • Алматы
    -9°
  • Риддер
    -22°
  • Астана
    -19°
  • Актобе
    -4°
  • Актау
    +1°
  • Атырау
    -4°
  • Караганда
    -19°
  • Кокшетау
    -10°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    -8°
  • Павлодар
    -25°
  • Петропавловск
    -15°
  • Тараз
    -5°
  • Туркестан
    +3°
  • Уральск
    -3°
  • Шымкент
    +1°
$
497.56
586.92
¥
72.55
6.44
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Мектеп аумағын қардан тазалады

"Біз біргеміз" челленджін қолдай отырып, Өскемен қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары мектеп аумағын қардан тазалауға шықты

Күрек, қар тазалағыш құралдармен қарулана отырып, әп сәтте балалар мектепке қарасты аумақты, спорт алаңын, мұз айдынын жарқырата тазалады. Бұл жұмыс мектеп оқушылары тарапынан дер кезінде көрсетілген үлкен көмек болды. Бастамаға жатақхана тәрбиеленушілері де атсалыса қатысып, демалыс күндері жатақхана маңын, қосымша эвакуациялық шығу жолдарын тазалап қойды. 

- Біз қаламыздың әлеуметтік нысандарымен үнемі тығыз қарым-қатынас жасап келеміз. Бұндай "қарлы" жылы өзіміздің аяулы мектебімізге де қол ұшын созатын кезек келді,- дейді жатақхана Кеңесінің лидері Имбергенов Арсен.

Следующая →
Только самое важное в нашем Telegram-канале
Темы: ШҚО НЗМ Қар тазалау