Усть-Каменогорск
ясно
-6°
  • Усть-Каменогорск
    -6°
  • Алматы
    +15°
  • Нур-Султан (Астана)
    -3°
  • Актобе
    +4°
  • Форт-Шевченко
    +6°
  • Атырау
    +9°
  • Караганда
    +1°
  • Кокшетау
    -2°
  • Костанай
    +2°
  • Кызылорда
    +12°
  • Павлодар
    -3°
  • Петропавловск
    +2°
  • Тараз
    +14°
  • Уральск
    -2°
  • Шымкент
    +19°
$
502.83
545.37
¥
69.43
5.95
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Әуен ырғағы – жаны жас жандармен бірге

2020 жылы, қаңтар айының 23-ші жұлдызында "Ұрпақтар сабақтастығы" жобасы аясында қарт адамдармен кездесу болып өтті

Кездесуді өткізу барысының маңызы – оқушылар үшін тарих қойнауының көптеген құнды естеліктері бар сәттерді естерінде сақтай отырып, ол қазынаны келешек ұрпаққа жеткізе білу мүмкіндігі болды. Өткізілген іс-шараның негізгі мақсаты – дана адамдардың шығармашылығын қолдау, өмірлік дағдыларды қалыптастыра отырып, тәжірибе алмасу.

Директор орынбасары Г.Т. Мухтарханова  атап өткендей, оқушылар және педагог-ұйымдастырушы-кураторлармен өткізіліп отырған бұл іс-шара – Назарбаев зияткерлік мектебінің атаулы дәстүріне айналды. Қайырымдылық, мейірімділік әр уақытта да біздің халқымыздың басты құндылықтары болып қала береді. Өзгелерге көмектесу арқылы өзің өсіп - өнесің. Жаңа, тың дүниелерге үйренесің.

Бүгін "Марқакөл" шаңырағы оқушыларымен бірге кураторы А.К. Каримова  күшімен 60-70 жылдардың үздік әндері бойынша би форматында жоғары деңгейлі би кеші өткізілді. Қонақтар жастық шақтың әсерлі әуендеріне биледі. Кездесу өте жоғары деңгейде өткізілді.

- Сен көмек қолын созған адамдардың көздері жасқа толып тұрып, шын жүрегімен алғыс айтқан кезде, бұл әлемде босқа өмір сүріп жатпағаныңды түсінесің, - деп ағынан жарылды 10 "А" сынып оқушысы Карина Халел.
Аудиторияның атмосферасы өте мейірімге толы әрі жайлы болғандықтан - барлығы өздерін еркін сезінді. Барлық қатысушылар жағымды эмоциялар мен тамаша көңіл - күйге бөлене алды. Бірлескен отырыс, шәй ішу – уақытты жақсы өткізумен қатар, әңгіме алмасуға өте керемет мүмкіндік болды.
Следующая →
Темы: ШҚО НЗМ Ән