Усть-Каменогорск
ясно
+22°
  • Усть-Каменогорск
    +22°
  • Алматы
    +22°
  • Нур-Султан (Астана)
    +16°
  • Актобе
    +12°
  • Форт-Шевченко
    +16°
  • Атырау
    +14°
  • Караганда
    +16°
  • Кокшетау
    +12°
  • Костанай
    +10°
  • Кызылорда
    +20°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +16°
  • Уральск
    +4°
  • Шымкент
    +19°
$
439.4
-0.03
473.54
+0.23
¥
60.82
-0.16
4.76
-0.06
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Қазақстандағы қаңғыбас иті көп қала

Жыл басынан бері Өскемен қаласында қаңғыбас ит қапқан 40 адам медициналық көмекке жүгінген. Ал өткен жылы 600-ге жуық адам төрт аяқты мақұлықтың азуына іліккен

Өскемен - еліміздегі қаңғыбас иттері көп қала екен. Бұл туралы Ахмер, Меновное ауылдарының тұрғындарымен кездесу кезінде шаһар әкімі Жақсылық Омар айтты.

Халықпен кездесу кезінде әкім былтыр атқарылған жұмыстар жөнінде есеп беріп, биылға жоспарланған шаруаларымен бөлісті. Жиналған тұрғындар қала басшысына көкейтесті сұрақтарын тікелей қойып, базынасын білдірді.

Ахмер, Меновное, Шығыс, Ново-Явленка ауылдарындағы басты мәселе – жарық, ауыз су, жол, автобус қатынасы, қоқыс, қаңғыбас иттер. Былтырғы кездесуде де тұрғындар осы мәселелерді көтеріп, оның біразы шешімін тапқан. Бірақ әлі де уақыт еншісінде қалғаны қанша.

Осы жолғы кездесуде де тұрғындар жанайқайларын жеткізді. Олардың қорқынышы – қаңғыбас иттер.

- Ауданда иесіз қаңғып жүрген иттер азаймай тұр, - дейді Төлеугүл. - Таңертең күн шықпай кетіп, кешке қас қарая қайтатын оқушы балаларымызға алаңдаймыз. Ал көшеде бос жүрген иттер қасқыр сияқты аш, адамға шабуылдайды. Бірақ кейбір тұрғындар иттерін байламай, жібере салады. Жақында ғана қызымды ит қауып алды. Иттің иесі бар, қай үйдікі екенін де білеміз. Барып едім, иесі үйінен шықпай қойды. Былтыр ата-аналар шағымданып, өтініш білдіргеннен кейін бір рет Ахмердегі қаңғыбас иттерді итатқыштар келіп атты. Одан кейін иттердің иелері "рұқсатсыз итімізді неге атады?" деп наразылық білдірді. Ал ертең біреудің иті біреуді жазым етсе, оған кім жауап береді?

Осы орайда қала әкімі былтыр осы қаңғыбас иттерді атқызамыз дегенде басы дауға қалғанын айтты.

- Халық мені "жүрегі жоқ, робот болып кеткен, әке тәрбиесін көрмеген" деп сөкті, - деген қала басшысы Жақсылық Мұқашұлы қаңғыбас иттермен күрес тоқтап қалмайтынын білдірді. - Қала бюджетінен қаңғыбас иттерді ұйықтатуға арнайы қаржы бөлінеді. Биыл бөлінетін сома мөлшерін көбейттік. Ахмер, Ново-Явленка ауылдарында ақпанның аяғына дейін рейд жүргіземіз.

Айта кетейік, былтыр бұл мақсатта қазынадан 11 млн теңге бөлінген.

- 2018 жылы 2500 ит, 2019 жылы 2780 төрт аяқты атылды. Биыл ұйықтатылатын қаңғыбас иттердің саны 3000-нан кем болмайды деп жоспарлануда, - дейді Өскемен қалалық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы Гасан Турганбаев.


Следующая →