Усть-Каменогорск
пасмурно
+4°
  • Усть-Каменогорск
    +4°
  • Алматы
    +6°
  • Нур-Султан (Астана)
    -3°
  • Актобе
    -3°
  • Форт-Шевченко
    +9°
  • Атырау
    +5°
  • Караганда
    -4°
  • Кокшетау
    -3°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +4°
  • Уральск
    +3°
  • Шымкент
    +7°
$
494.87
-0.33
520.65
-1.69
¥
68.34
4.91
-0.03
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

"Нұрлы жер" нұрын төге бастады

Нұрлы жер" жаңа бағдарламасы аясында тұрғын үй қолжетімділігінің сатысы енгізілді. Енді баспана кезегінде тұрғандардың санаты емес, олардың табыс мөлшері айқындаушы фактор болады

Осылайша, егер тұрғын үй кезегіндегілердің отбасына келетін табыс мөлшері бір күнкөріс минимумынан кем болса (31183 теңге), онда олар үшін пәтер сатып алу құқығынсыз жалға беріледі. Олардың қатарына халықтың әлеуметтік әлсіз топтары жатады.

- Жаңа өзгертулер ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы қаулысымен бекітілді. Егер баспана кезегінде тұрған қазақстандықтардың табысы екі күнкөріс минимумына дейін жететін болса (62366 теңге), онда бастапқы жарна ретінде тұрғын үй бағасының 10%-ын жинағандар үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі займды жылдық 2% мөлшерлемемен береді. Несие "Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша ұсынылады. Оған көпбалалы және толық емес, сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеп отырған отбасылар қатыса алады, - дейді "Тұрғын үй құрылыс жинақ" банкінің ШҚОФ баспасөз хатшысы Салтанат Искакова.

Ал табыс мөлшері 3,1 күнкөріс минимумынан аспайтын әкімдік кезегінде тұрған азаматтар (96667 теңге) "5-20-25" шарттары бойынша несиелік тұрғын үйді ала алады. Аталған бағдарлама талаптарын әскери қызметкерлер, бюджеттік ұйым мен мемлекеттік сала қызметкерлері пайдалана алады.

Негізінен "5-20-25" формуласы 2016 жылғы желтоқсан айының соңынан бастап қолданыста. Бұл - көпшілікке мәлім "Нұрлы жер" бағдарламасы шеңберінде жергілікті әкімдіктер тарапынан салынған жаңа тұрғын үйлерді сатып алу мақсатында берілетін несиелендіру жүйесі. Аталған бағыт бойынша баспанаға қол жеткізу үшін міндетті түрде жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрып, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі шотта кемінде 20% көлемінде бастапқы жарнаны жинау қажет еді. Сол кезде мемлекеттік бағдарламаға қатысушыларға несие жылдық 5% мөлшерлемемен беріледі.

- Енді конкурс нәтижесінде барлық пәтерлер сатылмаса, онда оларды әкімдік кезегінде тұрмаған Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары тікелей сатып ала алатын болды, - деп хабарлайды Салтанат Искакова.

Айта кетейік, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі "Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша несиелік өтінімдерді шамамен 2020 жылдың наурыз айынан бастап қабылдайды. Аталған бағыт бойынша пәтерді жаңа және қолданыстағы үйлерден алуға болады.

Следующая →