Усть-Каменогорск
пасмурно
-4°
  • Усть-Каменогорск
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Нур-Султан (Астана)
    -7°
  • Актобе
    -3°
  • Форт-Шевченко
    +10°
  • Атырау
    +5°
  • Караганда
    -8°
  • Кокшетау
    -5°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Уральск
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Тұрғын үй сертификаты ескі баспанаға да берілмек

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі тұрғын үй сертификатын беру тәртібіне бірқатар өзгерістер енгізеді

Жаңа ереже бойынша бұдан былай тұрғын үй сертификатын ескі үй сатып алатындарға да беру көзделген. Мұндай мемлекеттік көмектің көлемі 1 млн теңгеге дейін барады.

Үміткерлердің орташа табысына қойылатын талаптар да өзгерді. Бұған дейін ол бір ең төменгі күнкөріс көрсеткішімен шектелетін. Енді үміткер мен оның отбасының соңғы жарты жылдағы орташа табысы (зейнетақы, жеке табыс салығы және тағы басқа міндетті төлемдерді есепке алмағанда) екі күнкөріс минимумы көлемінен (62 366 теңге) аспауы керек. Егер орташа табыс бұдан асып кетсе, тұрғын үй сертификаты бюджеттік несие есебінде 20 жылға дейін 0,15% жылдық өсімақымен беріледі.

Жаңа ереже бойынша сертификат беру туралы шешімді жергілікті әкімдік өтініш қалдырған соң сегіз жұмыс күні ішінде шығаруы тиіс.

Айта кетейік, тұрғын үй сертификаты Қазақстанда 2019 жылдан бастап және бір рет қана беріледі. Бұл мемлекеттік көмек әлеуметтік жағдайы әлжуаз отбасылары үшін ипотекалық алғашқы төлемінің бір бөлігін өтеуге арналған.

Следующая →