Усть-Каменогорск
пасмурно
+4°
  • Усть-Каменогорск
    +4°
  • Алматы
    +6°
  • Нур-Султан (Астана)
    -3°
  • Актобе
    -3°
  • Форт-Шевченко
    +9°
  • Атырау
    +5°
  • Караганда
    -4°
  • Кокшетау
    -3°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +4°
  • Уральск
    +3°
  • Шымкент
    +7°
$
494.87
-0.33
520.65
-1.69
¥
68.34
4.91
-0.03
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Қызметте жүріп, денсаулығына зиян келтірген

Өткен жылы облыстағы 139 адам өндірістік орындарда жарақат алып, денсаулығына зиян келген

Ал кәсіби уланумен 2 жағдай тіркелген, олардың ішінде 3 адам жарақаттанып, 1 адам көз жұмды.

- Кәсіби сырқаттанушылық негізінен облыстың 7 ауданы мен қаласында тұрақты тіркеліп тұрады. Олар Бородулиха, Глубокое, Алтай, Шемонаиха аудандары және Өскемен, Семей және Риддер қалалары. 2019 жылы Шемонаиха ауданында кәсіби сырқаттанушылық деңгейінің 2018 жылмен салыстырғанда өскендігі, ал қалғандарында төмендегені анықталды, - дейді ҚР ДСМ ТКҚСҚБК Шығыс Қазақстан облысының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Гүлайым Тагаева.

Өндірісте орын алатын жазатайым оқиғалар көрсеткіші жылдық қорытындыларға қарағанда, бірқалыпты. Шындығын айтқанда, кәсіпорындарда соңғы кездері еңбек қорғау ережесі мен техника қауіпсіздігі сақтала бермейді. Соның арқасында өндірісте жарақаттанған азаматтардың 30-40% еңбекке жарамсыз болып, мүмкіндігі шектеліп жатыр. Ал мамандардың айтуынша, жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы ұжымдық келісімшартқа ерекше мән берген жөн.

Айта кетейік, 2018 жылы деңгеймен салыстырғанда 2019 жылы өндірістік орындарда сырқаттанушылық жағдайы 1,4 есеге немесе 51 жағдайға төмендегені тіркелді. Алдыңғы жылы бұл көрсеткіш 190-ға жеткен болатын.

Следующая →