Усть-Каменогорск
пасмурно
+14°
  • Усть-Каменогорск
    +14°
  • Алматы
    +17°
  • Нур-Султан (Астана)
    +10°
  • Актобе
    +11°
  • Форт-Шевченко
    +12°
  • Атырау
    +12°
  • Караганда
    +9°
  • Кокшетау
    +8°
  • Костанай
    +8°
  • Кызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +12°
  • Петропавловск
    +5°
  • Тараз
    +16°
  • Уральск
    +12°
  • Шымкент
    +17°
$
445.95
-0.83
482.96
-1.04
¥
61.66
-0.11
4.82
-0.02
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Аяқталмаған қауіпті құрылысты бұзатын болды

Өскеменде 2008 жылы іргетасы қаланып, бірақ соңына дейін салынбай қалған нысан бар

Қаланың 19-шы ықшам ауданында орналасқан ол нысанның қала көркін бұзып тұрғаны аздай, тұрғындардың, әсіресе балалардың өміріне қауіп төндіріп тұр.

Жалпы, бұл жер жастардың ойын алаңына айналғанына біраз жыл болыпты. Балалар құрылыс алаңына күнде кіреді, өйткені арматуралары адырайып шығып жатқан қауіпті нысан бірнеше тұрғын үйдің тура ортасында тұр.

- Тура біздің үйіміздің алдында тұр. Үйі-күйі жоқтар да паналайды. Темір, арматуралар шығып жатыр, балалар далаға шыққанда қызықтап сол құрылысқа барады. Құрылысты жоқ дегенде қоршауға алса дейміз, - деп Қазыбек би көшесі, 5/1 үйдің тұрғыны Сырым Жайымханұлы тұрғындар атынан қала және облыс әкімімен кездесуде сұрақ қойды.

Балалардың өміріне алаңдаған ата-аналар қауіпті учаскені өз күштерімен қоршауға тырысқан. Алайда жұқа қаңылтырдан жасалған қабырға қатты желге шыдас бермей құлап қалыпты. Сондықтан құрылысы бітпеген ғимараттың ішіне кіру қиын емес.

- Бұл құрылыстан хабарымыз бар, апатты жағдайдағы құрылыс. Шешім шығып қойған. Енді қажетті қаражат бөлініп, нысан қиратылады, - деп жауап берді қала әкімі Жақсылық Омар.

Айта кетейік, ол жерде көпқабатты тұрғын үй салынуы керек болған. Бірақ фирма басшысы қылмыстық жауапкершілікке тартылып, жұмыс тоқтап қалған. Соңғы уақытта бұл нысан мүлде иесіз және қараусыз қалыпты.


Следующая →