Усть-Каменогорск
пасмурно
-4°
  • Усть-Каменогорск
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Нур-Султан (Астана)
    -7°
  • Актобе
    -3°
  • Форт-Шевченко
    +10°
  • Атырау
    +5°
  • Караганда
    -8°
  • Кокшетау
    -5°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Уральск
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Халық сот ғимаратына баса-көктеп кірді

Қаңтардың 21 күні Зайсан аудандық сотында "шекараны заңсыз бұзып өтті" деген айыппен, Қытай елінің қысымына шыдай алмай жан сауғалап әрі атамекені Қазақстаннан босқын мәртебесін сұрай келген Қытай азаматтары Қастер Мұсаханұлы мен Мұрагер Әлімұлының ісіне қатысты сот отырысы өтті

Қандасымыз Қастер Мұсаханұлы мен Мұрагер Әлімұлының сотына қолдау білдіріп "Бейбіт жиын" жобасының белсенділері, "Желтоқсан қозғалысының" мүшелері, "Атажұрт еріктілері" ұйымының еріктілері, "Көше партиясы" атты белсенді топ мүшелері мен Зайсан ауданының тұрғындары келді. 100-ге жуық белсенді таңғы сағат 8-ден Зайсан аудандық сотының ғимаратының алдына жиналды. Сот сағат 10:00 басталу керек болатын. Аудандық соттың ұйымдастыруында кеткен олқылық сотқа жиналған арысы батыс пен оңтүстіктен, берісі Өскемен, Семей, Тарбағатай ауданынан келген белсенділердің наразылығын тудырды.

Ішке кіре алмай сыртта тұрған белсенді топ өздерінің құқығының шектелгеніне наразылық танытып "Бостандық!" деп ұрандатып, сот ғимаратына еріксіз басып кірді. Олардың баса-көктеп кіруіне жол бергісі келмеген сот төрағасы мен ішкі істер қызметкерлері қарсылық танытқанымен, еш бөгет жасай алмады. Көпшілік ішке енісімен "наразылықты өздеріңіз туғызып отырсыздар, ашық сотқа сонау шалғайдан 2000 шақырымнан еріккеннен келген жоқпыз, неге адамды осыншалық шектен шығаруға болады" деп жарыса айқайлап сот залына күшпен кіре бастады. Сол сәттен соң еріктілер аудан прокурорын шақыртып, азаматтық құқықтарының шектелгенін айтып, аудандық прокурордың араласуымен барып көпшілік ішке кіріп, сот 10:45 кеткенде басталды.

Сотта шекарашы Ибрагимов пен "Атажұрт еріктілері" ұйымының өкілі Мақсұт Бекзат куәгер ретінде жауап берді. Қастер мен Мұрагерде Қазақстан шекарасын заңсыз бұзып өткендерін мойындап, 14 қазанда Алматыдағы адам құқығын қорғау бюросында өткен баспасөз мәслихатында Қастер Мұсаханұлы Шыңжаңдағы "саяси лагерьде қамауда болғанын", Мұрагер Әлімұлы Қытайда "қысым көргенін" айтқан болатын, соны негізге ала отырып қос айыпталушы да жазаларын Қазақстанда өтеулерін соттан өтіне сұрады.

Айыптаушы Қастер мен Мұрагердің Қазақстан Республикасының шекарасын заңсыз бұзып өткенін негізге ала отырып, 1 жыл бас бостандықтарынан айырып, айыппұл төлеуін және жазасын Қазақстан Республикасында өтеуін сұрады. Қастер мен Мұрагердің адвокаты Ләззат Ахатова да біраз негіздерді айта отырып, екі азаматтың да Қытайдағы қысымға байланысты "шекарадан заңсыз өтуге" мәжбүр болғанын, оларды қылмыстық жауапкершіліктен толық босатуды сұрады. Басты мақсат - қос қандасымызды атамекенінде алып қалу болған. Қос тараптың уәжін тыңдай келе судья үкім сағат 16:00 оқылатынын айтып үзіліс жариялады. Сот залынан шыққан белсенділер бастапқы сот ғимаратына кіргізбеген сот төрағасы мен ішкі істер қызметкерлерінің әрекетіне наразы екендерін жарыса айтты.

- Алдыңғы сотта Қастер мен Мұрагердің қолдаушыларының әрі белсенділердің сот залына сыймағанын, келесі сотта қосымша үлкен зал немесе көпшілік сиятын үлкен мекемеде сот өтсін деген ұсыныс айтылған. Жергілікті соттың және ішкі істер қызметкерлерінің сотты дұрыс ұйымдастыра алмауы әрі сот ғимаратының есігіне тосқауыл қоюы халық арасына наразылық туғызды. Біраз құқығы тапталған азаматтар есікті жұлқа ашып, баса-көктеп кіруіне тура келгені де содан. Халықтың наразылығын оятпай осы сотты үлкен ғимаратта айғай-шусыз өткізуге болар еді, - деді "Бейбіт жиын" жобасының жетекшісі, білікті саясаткер Рысбек Сәрсенбай.

Сонымен Зайсан аудандық сотының судьясы Шынар Оспанова "Қазақстан мен Қытай шекарасын заңсыз бұзған" Қытай азаматтары Қастер Мұсаханұлы мен Мұрагер Әлімұлының Қылмыстық кодекстің 392-бабымен ("Шекараны қасақана заңсыз кесіп өту") айыпты деп тауып, бір жылға соттады.

- Олар бір жылдық жазасын қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде (бұрын қоныс колониясы деп аталған) өтейді. Шыңжаң қазақтарының жазасы қамауға алынған уақыттан, яғни, 2019 жылдың 18 қазанынан бастап есептеледі және қамауда отырған әр күні екі күн болып (Қылмыстық кодекстің 62-бабына сай, қауіпсіздігі барынша төмен түрмедегі жазаның бір күні екі күн болып саналады) есептеледі. "Мұсаханұлы мен Әлімұлының қамауда қалу мерзімі - 5 ай 24 күн", - деді судья.

"Әділ шешім" деп сыртта судьяға разылық танытып, Қастер мен Мұрагердің қорғаушысы Ләззат Ахатоваға қошемет көрсетіп 100-ге жуық жиналған белсенділер Зайсан аудандық сот ғимаратының алдында Қазақстан Республикасының Әнұранын шырқап тарқасты.

Следующая →