Бас бостандығынан айыру мекемесіне жіберілді
Пробация қызметі, қылмыстық-атқару жүйесінің бір бөлімі ретінде қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларды орындайды
Алайда бас бостандығын шектеу түрінде жазаға сотталған кейбір тұлғаларға қатысты тәрбиелік маңызы бар іс-шаралар жүргізілсе де, олар соттың сенімін ақтамайды.
- Мәселен, ҚР ҚК-ның 73-бабы бойынша 10 ай 5 күнге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған азамат қайталама қылмыс жасағаны үшін 28.03.2019 жылы ШҚО бойынша ҚАЖД Солжағалау аудандық пробация қызметінің есебіне алынған. Жазаны өтеу кезінде ол пробация қызметінің инспекторларымен жүргізілген профилактикалық іс-шаралары барысында сот үкімімен тағайындалған міндеттемелерді орындмай, бірнеше рет жаза өтеу тәртібін бұзған, - дейді ШҚО бойынша ҚАЖД Солжағалау аудандық ПҚБ инспекторы әділет лейтенанты Г. Таткенова.
Сол себептен, ол соттың сенімін ақтай алмай, бас бостандығын айыру мекемесіне жіберілген.