Азаматтарды қабылдады
"Nur Otan" партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалында Мәжіліс депутаттары Олейник Василий Иванович және Козлов Евгений Александрович азаматтарды жеке мәселері бойынша қабылдады
Депутаттардың қабылдауына келген азаматтардың мәселелері әр тұрлі болды. Басым көпшілігі мәселелеріне қатысты шығарған соттың шешімімен келіспейтіндіктерін айтып халық қалаулыларынан көмек сұрауда.
Следующая →
- Сіздердің сұрақтарыңыз бен мәселелеріңізді түсініп отырмын. Мұндай қордаланған мәселелердің шешілуіне депутат ретінде қолымнан келгенше ықпал ететін боламан. Дегенмен кез келген мәселенің тек заң аясында шешілетіндігін сіздерге баса айтқым келеді, – деді ҚР Парламент Мәжілісің депутаты Олейник Василий Иванович.Қабылдауға келген азаматтар кейбір түйткілді мәселелердің түйінінің тарқауына "Nur Otan" партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалында тұрақты жүргізілетін "Қоғамдық қабылдаулардың" ықпалы болатындығын атап өтті.