Усть-Каменогорск
облачно
+11°
  • Усть-Каменогорск
    +11°
  • Алматы
    +15°
  • Нур-Султан (Астана)
    +8°
  • Актобе
    +8°
  • Форт-Шевченко
    +18°
  • Атырау
    +15°
  • Караганда
    +7°
  • Кокшетау
    +9°
  • Костанай
    +8°
  • Кызылорда
    +16°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +15°
  • Уральск
    +11°
  • Шымкент
    +13°
$
439.4
473.54
¥
60.82
4.76
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Желілік Спартакиада қорытындыланды

Волейбол мен баскетболдан  Назарбаев Зияткерлік мектептер командалар арасындағы Желілік спартакиада өз мәресіне жетті

Жылдың маңызды спорт шарасының жабылуы бүгін Алматы қаласының Зияткерлік мектептерінде өтті. Химия – биология бағытындағы Зияткерлік мектепте 4 күн бойы волейболдан   тартысқа толы жарыстардың жеңімпаздары, жүлдегерлері, номинация иегерлері салтанатты шарада марапатталды. 

Жігіттер арасында спартакиада чемпионы атағына Павлодар зияткерлері ие болды. Екінші орында - Петропавл НЗМ командасы, 3-орынды Алматы ФМБ НЗМ командасы иеленді. Қыздар жарыстарында айқын жеңіске жеткен Нұр-Сұлтан ХБ мектебі командасы, 2-орында - өз алаңында ойынды қарсы алған Алматы ХББ Зияткерлік мектеп командасы, 3-орын ақтаулық зяиткерлердің қоржынында кетті.  

Команда бапкерлеріне Желілік спартакиаданы ұйымдастырған Алматы ХББ НЗМ-ның атынан   диплом мен естелік сыйлықтар  табысталды. Сонымен қатар, төрт номинация бойынша 8 ойыншы жеңімпаз атанып,  арнайы сувенир мен дипломға ие болды.  
Арнайы жасалған бейнерепортажымызды парақшамызда күтіңіздер!
Следующая →